Камбарова А. А. Шеримова С. К «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2019



бет1/21
Дата12.04.2023
өлшемі380,03 Kb.
#81861
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
лаб. биохим


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«АГРАРЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТ


«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» кафедрасы


Камбарова А.А.
Шеримова С.К



«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Шымкент, 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


«АГРАРЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТ


«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы


«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы» пәнінен
зертханалық сабақтарды өткізуге арналған
әдістемелік нұсқау


5В120100-«Ветеринарлық медицина»
мамандығының
студенттеріне арналған


Шымкент, 2019 ж.

ӘОЖ 31.27.25


Құрастырғандар: оқытушылар магистр-аға оқытушы Камбаров А.А., магистр-оқытушы Шеримова С.К


«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау - Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2019. - 20б.

«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқауда оқу жоспарына және пәннің бағдарламасына сәйкес қажетті барлық мәліметтер қамтылған.


Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығының студенттеріне арналған «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы» зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау


Пікір беруші: Тулеметова С.Е. – ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент.


«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасының жиналысында Хаттама № « » 2019 ж.
«Аграрлық» факультеттің комиссиясында Хаттама № « » 2019 ж. қаралып, баспаға ұсынылды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен Хаттама № « » 2019 ж. қаралып, баспадан шығаруға ұсынылды.
МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................5


Зертханалық сабақ №1 Сутегі иондарының концентрациясын Серенсен-Кларктің колориметриялық әдісімен анықтау.....................................................7
Зертханалық сабақ №2 Витаминдерге тән сапалық реакцияла..........................8
Зертханалық сабақ №3 pH-тың амилаза ферментіне әсері................................ 9
Зертханалық сабақ №4 Гормондарға сапалық реакциялар...............................10
Зертханалық сабақ №5 Қандағы каталазаның активтілігін анықтау................10
Зертханалық сабақ №6 Лактозаны (сүт қантын) рефрактометрия әдісімен анықтау..................................................................................................................10
Зертханалық сабақ №7 Майдағы йод санын маргошес әдісімен анықтау......11
Зертханалық сабақ №8 Ақуызды диализ арқылы тазарту................................12
Зертханалық сабақ №9 Қан сарысуындағы холестеролды илька әдісімен анықтау..................................................................................................................12
Зертханалық сабақ №10 Несеп құрамындағы патологиялық заттарды анықтау..................................................................................................................12
Зертханалық сабақ №11 Қан сарысуындағы жалпы белокты рефрактометриялық әдіспен анықтау ................................................................13
Зертханалық сабақ №12 Қан сарысуындағы иммуноглобулиндерді анықтау..................................................................................................................13
Зертханалық сабақ №13 Қан сарысуындағы кальцийды анықтау................................................................................................................. 14
Зертханалық сабақ №14 Каротиннің мөлшерін анықтау.................................15
Зертханалық сабақ №15 Сүттегі казеинді анықтау......................................... 16
Зертханалық сабақтарда студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау критерийлері.........................................................................................................17
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................21

Кіріспе
Биологиялық химия немесе биохимия - организмдердің химиялық құрамын және организмның тіршілік әрекеті барысында бұл құрамның химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейді.
Биохимия деген сөз гректің bios – тіршілік деген сөзінен шыққан. Яғни, тірі табиғаттың химиялық тілі, тіршілік химиясы деген сөз. Осыған орай биохимияның өзі бірнеше салаларға бөлінеді: адам биохимиясы (медициналық биохимия), өсімдіктер, микроорганизмдер, техникалық, космостық және т.б. Кейіннен өз алдына жеке сала болып клиникалық биохимия отау тікті. Оның әдістерімен организмді зерттеу негізінде ауруларды айырып, оларға ем тағайындалып, адам мен жануарларды әр түрлі аурулардан сақтандыру жөніндегі мемлекеттік шаралар жүргізу етек алды.
Кейінгі жылдары органикалық дүниенің дамуы барысында зат алмасуының күрделену жолдарын және тіршіліктің жер бетінде пайда болуын зерттейтін биохимияның жаңа бір саласы эволюциялық биохимия дамып келеді.
Сонымен қатар радиацияның организмге тигізетін әсерін, одан қорғану әдістерін және ионизациялық сәуленің көмегімен мәдени өсімдіктердің жоғары өнім беретін жаңа сорттарын, пайдалы микроорганизмдердің жаңа түрлерін шығару жолдарын зерттейтін радиациялық биохимияға да ерекше көңіл бөлінуде.
Бұл оқу құралында жануар (мал) тіршілігінің химиясы, яғни жануар биохимиясы сөз болады.
Организмдерді зерттеу бағыты бойынша биохимияны статикалық (зерттелетін заттардың химиялық табиғаты және қасиеттері жайында), динамикалық (заттардың организмге түсу кезеңінен олардың зат алмасудың ақтық өнімдерінің шығуына дейінгі өзгерістері) және функциональдық (органдардың, тканьдердің және клеткалардың, жалпы біртұтас организмнің физиологиялық әрекетінің химиялық негіздері жөнінде) биохимияға бөлінеді.
Әрине, мұндай бөлу шартты түрде ғана, себебі биохимиялық зерттеулерде осы бірін-бірі толықтырушы, үш бағыттың арасына шек қою қиын. Бірақта, қорытындысында объекті жайында жан-жақты сипаттама алуға болады.
Биохимияның дамуы бір-бірімен шектес басқа пәндермен – жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, биоорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, биофизикалық химиямен; молекулярлық биологиямен және физиологиямен тығыз байланысты биохимияны оқып үйренуден алған білім азықтандыру, мал өсіру, зоогигиена, мал шаруашылық, патологиялық физиология, фармакология сияқты қолданбалы ғылымдардың теориялық негізін құрайды.
Биохимияның аса маңызды міндеті – студентті тірі организмдердің химиялық құрамымен және тірі материалдардың тіршілігін қамтасыз ететін химиялық заңдылықтармен таныстыру. Ақыр аяғында бұл мәліметтер қолданбалық маңызға иә болады, себебі олардың көмегімен мамандар мал өнімдерінің өнімділігін және оның сапасының артуын қамтамасыз ете алады.
Биохимия ғылымын зерттейтін нысанына байланысты үлкен екі топқа бөлуге болады. Жануарлар және өсімдіктер биохимиясы.
Тіршілік химиясының дамуына әйгілі орыс ғалымдары үлкен үлес қосты. Олар А.Я.Данилевский 1891 жылы бірінші болып ақуыздағы амин қышкылдары өзара пепидтік байланыс арқылы байланысатыны жөнінде қағида ұсынды. Оны, тәжірибе жүзінде әйгілі неміс ғалымы Э.Фишер дәлелдеді. И.П.Паплов өз шәкірттерімен ас қорытушы ферменттердің белоктық табиғатын анықтады.
Өсімдіктер биохимиясы үшін К.А.Тимирязевтің есімі ерекше. К.А.Тимирязев ашқан өсімдіктердегі фотосинтез құбылысының маңызы биохимияда өте зор. В.И.Палладин мен А.Н.Бах – биологиялық тотығу жөніндегі ғылымының негізін қалады.Олардың ілімін Г.Виланд., О.Варбург., Д.Кейлин одан әрі жалғастырды.
Қазақстанда биологиялық химия саласындағы зерттеу жұмыстары республикада жоғарғы оқу орындарының ұйымдастырылуымен және Ғылыми академиясының кұрылуымен байланысты. Биохимияға қатысты іргелі зерттеу жұмыстарын медицина саласында Б.И.Ильин, П.А.Верболович атқарды. Мал шаруашылығы саласында В.М. Красон, У.Т. Ташмухамбетон, З.С.Сейтов зерттеу жүргізді. Өсімдіктер биохимиясы саласында Қазақстан Республиқасы Ғылым академиясының академиктері М.И. Горяев, Т.Т. Дарқанбаев, М.А. Айткожин, республика академиясының корреспондент - мүшесі Л.Қ. Қылышев және басқалар бағалы зерттеулер жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет