Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет



бет13/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

COMPETITION (Жарысу)


Competition талантының негізінде жарысу, таласу жатыр. Сіз әлемге қарағанда басқа адамдарға зер саласыз. Олардың жетістігіне қарап өзіңізді қамшылайсыз. Қаншалық жетістікке жетсеңіз де басқа әріптестеріңізден асып кетпесеңіз көңіліңіз көншімейді. Сізге басқа адам керек. Сізге өзіңізді салыстыратын және сіз жарысатын адам керек. Сіз жарысты жақсы көресіз өйткені онда әрдайым жеңімпаз болады. Сіз қызық үшін жарыспайсыз, сіз жеңіс үшін жарысасыз. Бірақ уақыт өте келе жеңуіңіз екіталай таластардан қаша бастайсыз.
Competition таланты бар жандар былай көрінеді:
Б мырза: Мен турникке тартыла алмайтын едім. Бірақ бір күні досым жүр турникке тартылып жарысамыз деді. Десе де мен өзім әлсіз нәрседен жарысқанды ұнатпаймын. Жеңілісті жек көремін. Өйткені мүлдем тартылып білмейтін едім. Кейін бірден турникке тартылып үйрене бастадым. Бұйырса, алдағы уақытта сол досымды сайысқа шақырмақ ойым бар. Competition таланты бар жандарға кеңес:

  • Өз жетістігіңізді өлшей алатын жұмыс таңдаңыз. Сіз жарысатын адамдар болмаса өзіміздің қаншалық мықты екеніңізді білмеуіңіз мүмкін.

  • Өнімділігіңізді өлшеуге болатын нәрселердің тізімін құраңыз.

Competition (Жарысу)

  • Көп жетістікке жеткен бір адамды таңдап, сол адаммен жарысыңыз.

  • Қарапайым тапсырманы жарысқа айналдырып көріңіз. Басқалармен жарыса отырып дамыңыз.

  • Жеңісіңізді тойлайтын уақыт табыңыз.

  • Жеңілсеңіз қайта тұруға көмектесетін бірнеше стратегия ойлап қойыңыз. Сонда келесі тапсырмаға бірден көше аласыз.

Ал Competition таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Мұндай адамға жарысатын жұмыс тапсырыңыз. Ол жарысқанды жақсы көреді.

  • Ол жеңе алатын жерді тауып беріңіз. Өйткені жеңілсе қолды бір сілтеп кетуі мүмкін.

  • Ол қызық үшін жарыспайды, жеңу үшін жарысады. Сондықтан жеңілсе біраз көңілі түседі. Оған түсіністікпен қарап, келесі тапсырмаға бағыттай біліңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет