Бәрінің бір себебі бар. Сіз соған имамдай сенесіз. Өйткені түптің түбінде бәріміз байланыстымыз. Біз қанша жерден тұлға болсақ та бәріміз бірге бір үлкен нәрсенің бөлігіміз. Сізге осы байланыс ұнайды. Демек біз бір үлкен нәрсенің бөлігі болсақ ешкімге және ештеңеге зиянымызды тигізбеуіміз керек деп ойлайсыз. Өйткені басқаға зиян еткен адам өзіне де зиян етеді деп білесіз. Осы жауапкершілік сіздің құндылығыңызды құрайды. Сіз қамқорсыз, ақжүрек әрі жанашырсыз. Сіз адамзаттың бәрін сүйесіз және мәдениеттердің арасын жалғайсыз. Сіз бұл әлемге шаттық сыйлайсыз.
Connectedness таланты бар жандар былай көрінеді: Д ханым: Мен мұғалім болып қызмет атқарамын. Біреу келіп сыныптағы оқушымның қайсын шығарар едің десе ешкімді қимас едім. Өйткені олардың бәрі менің жұмысым үшін маңызды. Олар менің сабағымның сапасына ықпал ете алады. Мен үшін әр оқушының сезімі мен ынтасы маңызды. Олардың алдында өзімді жауапты сезінемін. Нашар үлгі көрсетіп қоймайын деп өзімді қамшылап жүремін. Мен сыныптағы оқушының болашағы мен бақыты үшін жауаптымын.
Connectedness (Байланыс)
Connectedness таланты бар жандарға кеңес:
Басқаның назын тыңдап, оларға кеңес айтып көріңіз. Сіз адамдарға өмірінде болып жатқан жайттың себебін түсіндіріп бере алатын боласыз.
Сіз Connectedness таланты арқылы адамның жүзіне қарап жанын көре аласыз. Бірақ әркімнің өз тағдыры бар екенін естен шығармаңыз. Ал Connectedness таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Мұндай адамның қоғаммен араласуы қиын. Бірақ оны мойындамауы мүмкін.
Ол адамның құштарлығы не екенін білу үшін оны мұқият тыңдаңыз. Сіз оның ойларын қаншалық қолдасаңыз қарым-қатынасыңыз соншалық жақсы болады.
Бұл адам адамдардың арасын жақсы байланыстырады. Ол ешкімді бөліп жарып қарамайды. Адамзаттың бәрі бір екеніне сенеді.