Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


Ал Consistency таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз



бет16/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

Ал Consistency таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Үлкен өзгерістер кезінде мұндай адамға қолдау керек. Өйткені ол өзі белгілі тәртіп пен ережеге бағынғанда ғана көңілі жай табады.

  • Ол тапсырманы жақсы орындайды. Сондықтан нақты тапсырманы орындағанды жақсы көреді.

  • Жұмыстың соңында бұл адам, әр адамның қаншалық үлес қосқанын айтып бере алады. Сонда әр адамға лайық марапатын бере аласыз.

CONTEXT (Тарих)


Сіз өткенге көз тастайсыз. Өйткені жауаптың бәрі сонда жатыр. Сіз бүгінді өткен арқылы түсінесіз. Сіз үшін дәл осы шақ тым ауыспалы. Тек өткенге көз жүгіртіп қана осы шақтың қарбаласынан дұрыс жол таба аламыз деп ойлайсыз. Бұрын бәрі оңайырақ болғандай. Өткенді еске алсаңыз бүгініңіз айқынырақ көрінеді. Context таланты тарихқа жан бітіреді. Содан бойыңызға қуат аласыз. Сіз өткеннің сабағына саралап жақсырақ шешім қабылдайсыз. Болашақты жақсырақ көресіз, өйткені оның өткендегі дәні қандай екенін білесіз. Жаңа адам мен жаңа жағдайға тап болғанда есіңізді жиюыңыз үшін біраз уақыт керек. Сіз кез келген істің басында айқын жоспар көруіңіз керек. Әйтпесе ол іске кірісе алмайсыз. Context таланты бар жандар былай көрінеді:
Н мырза: Мен үнемі өткен шақты ойлап жүремін. Алдымнан бір мәселе шықса бұрынғы тәжірибеме сүйеніп шешім шығарамын. Естеліктерді есте жақсы сақтаймын. Өткенге көз салып, болашақты бағамдаймын. Тарихи киноларды жақсы көремін. Байырғылардың сөзін тыңдап, жаттап жүрген де ұнайды.
Context таланты бар жандарға кеңес:

  • Жобаны жоспарлай бастамас бұрын ұжым мүшелеріне бұрынғы жобалардың дайындығын

Context (Тарих)

есіне салыңыз. Өткеннен өнеге алудың маңызын түсіндіріңіз.

  • Егер басқа біреулерді оқытатын болсаңыз сабақта тақырыпқа зерттеулер туралы айтыңыз.

  • Өткенді електен өткізу қабілетіңізді болашақты түсіну үшін қолданыңыз.

  • Strategic пен futurustic таланты мықты адаммен серіктес болыңыз.

  • Өзгерістерді қабыл алыңыз. Сіздің Context талантыңыз өткеннің елесінде өмір сүру деген сөз емес екені есіңізде болсын.

  • Болашақта болуы мүмкін нәрсені болжау үшін бұрын болған нәрселердің бүтін бір бейнесін құраңыз.

  • Сіз болашақты тарихтан асқан болжаушы жоқ екенін жақсы білесіз.

  • Тарихи, ғылыми романдар мен өмірбаяндарды көптеп оқыңыз. Сонда бүгініңізді түсінуіңізге көмектесетін көп нәрсе аласыз. Тарихтан хабары бар ментор іздеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет