Relator таланты бар жандар былай көрінеді: А ханым: Мен өз-өзіме сенімдімін. Тәжірибем де жетерлік. Бірақ қазіргі жұмысымды қимаймын. Мұндағы адамдарға бауыр басып қалдым. Басқа жұмысқа кеткім келмейді. Шаштараздың өзінде барып үйреніп қалған маманға барамын. Бәрі үйреншікті болғаны ұнайды.
Relator таланты бар жандарға кеңес:
Достық пен бауырмалдықты бағалайтын орта табыңыз.
Сіз тым қатаң әрі қатқыл ұйымда өзіңізді жайсыз сезінесіз.
Сіз ешкімнен үстем болғыңыз келмейді. Бәрімен бірдей бір қатарда болсам дейсіз.
Relator (Жақын тарту)
Басқаларға уақыт бөліп өзіңіздің Relator талантыңызды дамытыңыз.
Relator таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Бұл адам әріптестерімен шынайы достық орнатқанды жақсы көреді. Бірақ ол үшін уақыт керек. Сондықтан ұдайы араны жақындатуға тырысыңыз.
Бұл кісіге құпия нәрселерді айтып тұрыңыз. Ол сізге адал болады. Сонымен бірге өзін бағалайтыныңызды сезеді.
RESPONSIBILITY (Жауапкершілік)
Сіз әр айтқан сөзіңіз үшін мойныңызға жауапкершілік аласыз. Сіздің абыройыңыз соған байланысты. Ал егер қандайда бір жағдайда айтқаныңызды істей алмай қалсаңыз бірден айыбыңызды жуып шаюдың жолын іздейсіз. Бәрін реттегенше тыным таба алмайсыз. Сіздің сондай жауапты екеніңізді бәрі біледі. Сол нәрсе сізге елден ерек абырой береді. Басқалар жаңа міндет жүктерде ең алдымен сізге сенім артады. Кейде тым көп жауапкершілік алып қоюыңыз мүмкін. Сондықтан ең алдымен ол нәрсе сізге керек пе екені туралы ойланып алыңыз.
Responsibility таланты бар жандар былай көрінеді: А мырза: Маған жауапкершілік алу алмаудан жеңілірек. Бір іс ортаға тасталса оны менен басқа ешкім өз жауапкершілігіне алмайтындай көрінеді. Сондықтан кейде шамадан тыс істі мойныма іліп аламын. Бірақ қазір жауапкершілігімді бір кестеге сыздым. Соның арқасында қазір жаңа міндет аларда кестемде бос орын бар ма екеніне қарап аламын. Responsibility таланты бар жандарға кеңес:
Жұмыс іздегенде жауапкершілігіңізді атап айтыңыз. Сіздің жауапкершілігіңізді бағалайтын орта табыңыз.