Responsibility таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Бұл адам өзін жауапкершілік алу қабілетіне қарап бағалайды. Сондықтан ол жауапкершілігі әлсіз адамдармен жұмыс істегенде қиналады.
Бұл адам асығамын деп сапасыз дүние жасағысы келмейді. Сол себепті оны асықтырмаған абзал.
Егер оның Discipline таланты әлсіз болса өз мойнына тым көп жүк алуына жол бермеңіз. Бір артық жұмыс аламын деп, осыған дейінгі міндеттеріне зиян келтірмеуі керек екенін түсіндіріңіз.
RESTORATIVE (Мәселе шешу)
Сіз мәселе шешкенді жақсы көресіз. Басқалар бір нәрсе жөнді болмай қалса сасып қалып жатады. Ал сіз сол мәселені шешкенді жақсы көресіз. Сізге себебін талдап, шешімін табуыңыз қажет күрделі мәселелер ұнайды. Бәлкім осыған дейін күрмеуін шешкен таныс мәселелерді қайта шешуді ұнатуыңыз да мүмкін. Ол болмаса күрделі және тың қиындыққа тап болғанда делебеңіз қозуы мүмкін. Мұның бәрі сіздің басқа бейімділіктеріңізге байланысты. Бірақ сізге жөндеген және қайта жасаған ұнайтыны сөзсіз. Сіз іштей сіз болмасаңыз ол нәрсе дұрыс қызмет атқара алмайтынын біліп тұрасыз. Бәрін жөндеп, қайта дұрыстайсыз.
Restorative таланты бар жандар былай көрінеді: С мырза: Мен бір нәрсе дұрыс емес болса бірден байқаймын. Өткенде етек жағы аздап оратылып тұрған перденің өзін тез реттеп қойдым. Басқалар үшін бұл болмашы нәрсе көрінуі мүмкін. Бірақ мен кез келген мәселені барынша жылдам шешкен абзал деп білемін.
Restorative таланты бар жандарға кеңес:
Мәселе шешкеніңіз үшін ақша төлейтін қызмет іздеңіз. Басқалар да сіздің мәселе шешкенді ұнататыныңызды білсін.
Restorative (Мәселе шешу)
Тоқтап немесе тұрып қалған жұмысты жүргізу үшін Restorative талантыңызды қолданыңыз. ¡ Әрдайым дамып отырыңыз.
Restorative таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Егер ұйым ішіндегі мәселені білемін десеңіз осы адаммен сөйлесіңіз. Ол мәселені қырағы көзімен тез көре алады. Ол еш саспайды. Керісінше сол мәселені шешудің жолын қоса айтады.