Оралған карамельде берік боялған суретті затбелгісі болуы керек. өнім беті құрғақ, жарылмаған, салма іздерсіз болу керек. Пішіні –дұрыс, деформацияланған. Түсі-біртекті, бір түсті немесе көп түсті. Дәмі мен ароматы –айқын білінетін, атына сәйкес, бөтен дәм мен иіссізз.
Стандарттармен ылғалдылығы, қышқылдылығы, салма мен глазурь мөлшері, түсіп қалған қант немесе басқа өңдеу материал мөлшері, езілген және жартылай оралған карамель мөлшері нориаланады. Ауыр металл тұздарының мөлшері шектеледі, ал жеміс-жидек салмалы өнімдерде күкіртті қышқыл мөлшері шектеледі.
Ақаулары: бөтен дәм мен иіс, бетіндегі дақтар (біртексіз бояу), жарылу, жабысқақтық, деформация, сұрлануы.
Карамельді әртүрлі ыдыстарға буып-түйеді. Карамель оралған және ашық, өлшеп буып түйілген, өлшенетін және дара түрде шығарылады.