Кардиоваскулярлы жүйе физиологиясынан №2 практикалық сабақТЫҢ тапсырмалары: Қантамырлар физиологиясы хаттама құрастыру


ДҚ-жүректің артериялардың ішіне артериялардың ішіне қан қысым жасайтыны, яғни жүрек қанның артерияларға белсенді түрде шығарылмауы



бет3/4
Дата07.11.2022
өлшемі26,33 Kb.
#48142
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
практика мухаммедова 9 апта практика

ДҚ-жүректің артериялардың ішіне артериялардың ішіне қан қысым жасайтыны, яғни жүрек қанның артерияларға белсенді түрде шығарылмауы


Савицкий бойынша гемодинамиканы есептеу


А. ОДҚ есептеу.
ПҚ- пульстық қысымды, және ОДҚ орташа динамикалық қысымды формула бойынша есептейді:

. ПҚ=СҚ-ДҚ(мм.с.б.б.)


ОДҚ=ПҚ/3+ДҚ (мм.с.б.б.)
Сау адамдарда ПҚ 35-тен 55-ке шейінгі мм с.б.б. арасында ауытқиды. Онымен жүректің жиырылғыштық қасиеті байланысты.
Орташа динамикалық қысым (ОДҚ) прекапиллярлардағы қанайналымды көрсетеді, бұл өзінше бір қанайналым жүйесінің потенциалы, ол тіндер капиллярына түсетін қан жылдамдығын анықтайды.
ОДҚ жасы ұлғайған сайын 85-тен 110-ға шейін мм с.б.б. жоғарлайды. Әдебиеттерде ОДҚ -70 мм с.б.б. төмен болса онда гипотония деп, 110 мм с.б.б. жоғары болса — гипертония деп жазылған. АҚ ең тұрақты көрсеткіші болып, ОДҚ түрлі әсерлерден азғантай ғана өзгереді. Физикалық жүктеме кезінде ОДҚ-ның өзгерісі 5-10 мм с.б.б. жоғарламайды, ал ОҚ бұл жағдайда 15-30 мм с.б.б. жоғарлайды. ОДҚ-ның өзгерісі, 5-10 мм с.б.б. жоғары болса, онда бұл қанайналым жүйесінің бастапқы кезеңінің бұзылысы болып табылады.


Нәтижесі:
ПҚ=СҚ – ДҚ, қанның соққылық көлемі мен артериялық жүйенің резервтік сыйымдылығының қатынасын көрсетеді (35-40 мм.с.б.).


ОДҚ=қанның үздіксіз жылжу жылдамдығын, қуаттылығын көрсетіп, тұрақты деңгейде сақталады ОДҚ = ДҚ + 1/3 ПҚ, (90мм.рт.ст.)


Қорытынды:
Пульстік және орташа динамикалық қысымның қалай өлшенетіні және сол арқылы қалай жүректің жиырылғыштық қасиетінің байқалатыны туралы айтылды.


Б. СҚКмен МҚК
Систолалық қанайналым көлемі (СҚК), немесе систолалық лақтырылыс (қанның соққылық көлемі) жүрекпен систола кезінде лақтырылатын қан көлемімен анықталады,. Бұл көлем жүректің жиырылғыштық функциясын көрсетеді.
Қан айналымның минуттық көлемі (жүректің минуттық көлемі немесе жүректік лақтырылыс) бұл жүрекпен 1 минут ішінде лақтырылатын қан көлемі.

Клиникада қантамырлар арқылы жүрекке катетер кіргізіп, тікелей МҚК –ң және СҚК аңықтауға болады. Лабораторияларда реография әдісін пайдаланады.. Бұл әдіс адам денесі арқылы өтетін өте жиі электр тоғына тіндердің электрлік кедергілері өзгерісін тіркеуге негізделген. Бұл өзгерістер жүрек систоласы кезінде тіндер мен мүшелердің қанға толуынан электр кедергісінің азаюына байланысты.


: СҚК пен МҚК анықтау Старра формуласы бойынша, СҚ,ПҚ,ДҚ, ЖЖЖ көрсеткіштерін зерттелетін адамның жастық ерекшелігін ескере отырып есептеледі:
СК= 101 + 0,5•ПҚ ― 0,6•ДҚ ― 0,6•Ж
Мұнда ПҚ және ДҚ ― пульстық және диастолалық кысым мм.с.б.б.., Ж― жасы
7-15 жастағы балалардың соққы көлемін есептеу үшін модифицир. (Н.А.Романцева, Н.С.Пугина): Старр формуласын колданады
СК = 40 + 0,5•ПҚ ― 0,6•ДҚ + 3,2•А
Минуттық қан көлемің есептеу формуласы:
МҚК= СК•ЖЖЖ
мұнда СҚК- қанның систолалық көлемі, ЖЖЖ –жүрек жиырылуының жиілігі немесе пульстік жиілік.
Тыныштықта сау адамда МҚК орташа 4,5-5 л тең. Физикалық жүктеме кезінде МҚК 4-6 есе өседі. Сау адамдарда МҚК жоғарлауы СҚК-ның жоғарлауына байланысты.
Жаттықпаған мен науқастарда МҚК жүрек ырғағының жиілеуіне байланысты жоғарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет