Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет160/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚЫЗ СҮЙЕГІ – жайлау, Аққайнар а.о. Географиялық нысан атауы 
осы өңірде орын алған нақты бір оқиғаға байланысты қойылған. М.: 
Сол жайлауда қыздың бейіті орналасқан. Байдың қызы болған. Ол қыз 
жылқышы жігітті ұнатқан. Екеуі кішкентайынан бірге өскен, бірақ 
әкесі рұқсат бермейді. Алтай жақтың бір байымен атастырып қойған. 
Жылқышы жігіт қызды алып қашады. Әкесі оны біліп қояды да, қызды 
торауылдап жүреді. Қызын қамап тастайды. Жігіт қызға қашатын 
уақытын айтады. Келіскен уақытта екеуі жүйрік атқа отырып 
қашады. Қыз сүйегі жерінде аттың іздері бар. Сол қыратта сол жігіт 
жақсы білетін жол болады. бірақта қараңғы болғандықтан ол жігіт 
шатасып Тасқора деген жерге бұрылып кетеді. Ол жерден шығатын 
жер болмайды. Сол жерде қамалып қалады. Сол жерде қайтыс болады. 


180
Қызын әкеліп бөлек қамап қояды. Қыз жігіттің жоқтығына көндіге 
алмай, өз бұрымына асылып, көз жұмады. Дін бойынша өзіне қол 
жұмсағандар жаназа болмайды деп, қызын сол жерге апарып жерлейді. 
Сол жерде самырсын өсіп тұрады. Бұл самырсын қыздың топырағына 
белқарағайдың дәні түсіп, өскен[124]. М1.: Енді бір жерді «Қыз өлген» 
деп таныстырды. Ол атау бертін, Көккөл кеніші заманында қойылған 
сыңайлы. Бой жетіп қалған бір қыз бала Көккөлде суық тиіп аурып, 
ойдағы ауруханаға аттандырылады. Қыс айларында ауырмақ түгіл 
сеспей қат, сені ақ қар, көк мұзда анау Көккөлден таситын керемет 
жоқ. Мынау қыздың ауырғаны қазіргідей жаз айының жаймашуақ 
күні болса керек. Сорлы қыз сонда да елге жете алмай, жол ортада 
көз жұмыпты. Содан бері Көкжотаның бір мүйісі Қызөлген аталып 
кеткен[7,26б.]. М2.: Енді бір жерді «Қызөлген» деп таныстырды. Ол 
атау бертін, Көккөл кеніші заманында қойылған сыңайлы. Бой жетіп 
қалған бір қыз бала Көккөлде суық тиіп ауырып, ойдағы ауруханаға 
аттандырылады. Қыс айында ауырмақ түгіл, сеспей қат, сені ақ қар 
көк мұзда анау Көккөлден таситын керемет жоқ. Мынау қыздың 
ауырғаны қазіргідей жаз айының жаймашуақ күні болса керек. Сорлы 
қыз сонда да елге жете алмай, жол ортада көз жұмыпты. Содан бері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет