Катон-Верстка-01. indd


Ш.Б. Сейітова, А.А. Қасымова, Б.А. Абдыханова



Pdf көрінісі
бет2/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Ш.Б. Сейітова, А.А. Қасымова, Б.А. Абдыханова: Катонқарағай ауданы 
жер-су атауларының сөздігі (көмекші оқу құралы) / Жалпы редакциясын басқарған: 
ф.ғ.д. Сейітова Ш.Б. – Алматы: «Алгорифм» баспасы, 2021 ж. - 336 б.
ISBN 978-601-068-099-9
Ұ 65
Ш.Б. Сейітова, А.А. Қасымова, Абдыханова Б.А. «Алгорифм» баспасы, 2021 ж.
ӘОЖ 911(038)
КБЖ 26.82 я2


3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ...................................................................................................... 4
Жерін білген – елін біледі, елін білген – елім деп еміренеді! .............. 5
І. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ 
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Шығыс Қазақстан Катонқарағай ауданы ономастикалық 
кеңістігіндегі ұлттық негіз .................................................................... 12
1.2. Катонқарағай жер-су атауларының аңыздық сипаты ................... 18
1.3. Катонқарағай ауданы мен Тува өңірі топонимдерінің
тарихи-лингвистикалық сипаты ........................................................... 25
ІІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ 
ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ – ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ 
АСПЕКТІДЕ
2.1 Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы жер-су 
атауларының лексика-семантикалық ерекшелігі ................................ 33
2.2 Қазақ және түрік тілдеріндегі салыстырмалы топонимикалық 
жүйе: тарихи – лингвистикалық аспектіде .......................................... 38
Қорытынды ............................................................................................. 44
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................... 45
Катонқарағай ауданы жер-су атауларының сөздігі ............................. 48 
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................. 315
Қосымша ............................................................................................... 335


4
КІРІСПЕ
Катонқарағай ауданы жер-су атауларының сөздігі (көмекші оқу 
құралы) «Шығыс Қазақстан ономастикалық кеңістігі – ұлттың мәдени-
генетикалық кодының негізі (Катонқарағай, Алтай, Глубокий аудандары 
материалдары негізінде) тақырыбындағы ғылыми жоба аясында 
жазылып, (ҚР БҒМ БК (2021-2023 ж.) гранттық қаржыландыру негізінде 
жүзеге асырылды.
Жер-су атаулары - қазақ халқының ғасырлар бойы жүріп өткен 
жолының небір құндылықтарын бойына сіңірген тілдік жәдігері. Себебі 
күнделікті өмірде мыңдаған топонимдер тілдік қолданыс барысында 
қарым-қатынасқа түсіп, әрбір адамның өмірінде белгілі дәрежеде қызмет 
атқарады.
Қазақ халқы ежелден көшпелі мал шаруашылығына бейімделіп, 
мал тұяғына ере отырып, жер жағдайын мал ыңғайына қарай таңдай 
отырып, сол жердің ерекшелігін баса көрсететін ат қоюы, жер-су 
атауларының ерекше маңызды факторға айналғанының көрінісі. Әр атау 
ұлттық болмыс, дүниетаным, салт дәстүрдің кумулятивті жинақталуы 
нәтижесінде қонысты, жұртты, жайлау, күзеу, қыстау ерекшелігін 
дәлдікпен бере алған. Топонимдер алғашқы дереккөздердің пайда болу 
ақпараттарын сақтап және халықтың рухани құндылықтары жайлы 
танымдарымызды айтарлықтай кеңейтеді.
Ономастикалық зерттеу аудан тарихы мен мәдениетінің рухани 
қалыптасуын, патриоттық құндылықтар рөлін жаңаша ұғынуға 
мүмкіндік береді. Топонимиканы зерттеу кіші Отанымыздың жеке 
имиджін нығайтуға, туған өлкеге деген махабатты насихаттауға ықпал 
етері сөзсіз. Топожүйенің ономастикалық базасында қазақ этносына 
қатысты өте бай ғылыми ақпарат жинақталған. Топонимдік атаулар 
қарапайым халықтың күнделікті тұрмысының, тарихи әлеуметтік, 
лингво-мәдени аспектілерінің бейнесі. 
Туған өлке тарихын түгендеу, келесі ұрпақтың зердесіне қонымды 
етіп, ақ-қарасын айқындай отырып, аманаттау келелі істің бастауында 
жүрген бүгінгі буын өкілдерінің парызы. Катонқарағай өңірінің 
топонимиясы да туған елдің жертану, өлкетану әлемінің бір тарауы 
болып табылады. Әрбір халықтың өткен өмірі, жүрген жолы тарихқа 
айналады. Кешегі оқиғалар – бүгін тарих болып тіл қатады. Сондықтан да 
бүгін ел жадында ата-бабасы мекендеген жердің, қоныстардың, қыстау, 
күзеу, көктеу, жайлау т.б. атауларын дереккөздерден іздеп тауып, жазып, 
сөздік ретінде шығару кезек күттірмейтін міндет. Себебі болашақта 


5
бүгінгі жинақталған мыңнан аса атаудың атын, қазіргі шаруашылық 
негізіне қарай құрылып отырған шаруашылық қожалықтарының аттары, 
жаңадан құрылып жатқан бизнес орталықтары, жерді жалға алып, 
құрылып жатқан сандаған құрылымдардың атаулары алмастырмасына 
кім кепіл. 
Шығыс Қазақстан Катонқарағай өлкесінің мәдени және тарихи 
тұрмысын бейнелейтін топонимдері зерттеушілердің үлкен 
қызығушылығын тудыруы мүмкін. Тарихи жағдайлар, бір кездерде 
осы жерлерде болған оқиғалар, олармен байланысты куәгерлердің 
әңгімелері, елді мекендердегі белгілер т.т. өңірдің қайталанбас келбеті 
мен ұлттық ерекшелігін құрайды. Қазақ халқының қалыптасқан этно-
территориялық санасын терең ұғынуға, ұлттық негіз ерекшеліктерін, 
рухани бастауларды түсінуге әсер етеді.
Аталмыш сөздікте жинақталған жер-су атаулары негізінен әліпбилік 
жүйемен берілген. Атаудың анықтамалық ерекшелігі болса, ол негізгі 
атаудың ретімен берілді. Жинақталған мысалдар, хабарламашының 
айтқаны, тек атауды атап өтсе, хабарламашының сандық реті, мысал 
ретінде әдеби, көркем шығармалардан, шежірелік материалдан атауға 
қатысты терілген сөйлемдер, мұрағат, мұражайлардан алынған мысалдар 
берілді. Бір атау бірнеше нысанға берілсе, нысан бөлектігіне байланысты 
атау жеке нысанға қаратыла беріліп отырды. Сөздікке енгізіліп, 
түсініктемесі жазылған 1731 нысан атауы Катонқарағай ауданына 
қатысты жер-су атауларының бәрін қамтыды деген сөз емес, әлі де 
ескерілмей, ұмытыла бастаған, қаламға ілінбей қалған қаншама атаулар 
бар. Жер-су атауларын әлі де жинақтай түсіп, түсініктемелерін нақтылау 
болашақта атқарылар жұмыстардың бір парасы деп есептейміз.
Оқу құралын этнолингвистика, тарих, мәдениеттану, қазақ және 
орыс әдебиеті тарихы курстарында; ШҚО территориясының әдеби және 
тарихи туризмді дамыту бағдарламаларын жасауда, өлкенің виртуальді 
тарихи-әдеби картасын жасауда және т.б. пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет