Катон-Верстка-01. indd


МАҒЗҰМ – тау, Өрел а.о. антропоороним. Кісі есімімен байланысты  қалыптасқан топонимдік атау. М.:Қаратастан кейінгі тау[100]. МАҒЗҰМ



Pdf көрінісі
бет168/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

МАҒЗҰМ – тау, Өрел а.о. антропоороним. Кісі есімімен байланысты 
қалыптасқан топонимдік атау. М.:Қаратастан кейінгі тау[100].
МАҒЗҰМ – шабындық, Өрел а.о. антропотопоним. Кісі есімімен 
байланысты қалыптасқан топонимдік атау. М.: Кісі атына байланысты 
қалған атау[118].
МАЙЕМЕР – ауыл, Алтынбел а.о. «Май» зат есімі мен «ем» түбір 
етістігінің бірігуінен және «ер» форманты тіркелуі арқылы жасалған 
ойконим атауы. Мал-жанға қолайлы, жері бай өлке деген мағына береді. 
1. Май зат. 1. Жан-жануарлардың, құстың денесіне жиналатын, етке 
жабысқан ақ-сары түсті жұмсақ тағамдық зат[52,742б.]. 2.Ем. ет. 1. 
Емшек ему, уызға, сүтке қарнын тойдыру [47]. «Топонимжасамда 
-ар, -ер, -р, -с форманты «табиғи нысанның келер шақтағы міндетін 
айқындап қана қоймайды, ондағы үнемі болып тұратын тұрақты бір 
процесті» де атап көрсетеді [16,387б.]. Мысалы, Отырар, Құсқонар, 
Майемер т.б. М1: Нарын өзеннің бойында ораласқан Майемер деген ауыл 
бар Бұрын Бекет болған, алтын жуылған бұл жерде. [150], М2.: Ертіс 
суының екі жағы болған. Судың бір жағында қатты жұт болған. Бір 
байдың бүкіл жылқысы қырылыпты. Көктемде барып малын санаса 
екі айғыр үйірі жоқ екен. Малды іздеп жүріп Майемер даласында 
тауып алады. Жылқылары семіріп алған, құлындаған екен.Содан барып 
«түгін тартса майы шығатын жер екен» депті [113], М3.: Қазақтар 
жоңғарды құртқаннан кейін, малын барығын қуып келе жатқаннан 
кейін Майемерге түнеген. Танертен оятып тұрса, маңайдын барлығы 
құлпырып, аттары жылтырап тұрған екен. Маяби керемет шешен 
адам болған болу керек, бұл жердің керемттілігі сондай, бұл жердің 
атын Майемер деп қойған ол «түгін тартса майын еметін жер екен» 
деп Майемер деген ең лайықты сөз осы деген екен [136],


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет