КАТОНҚАРАҒАЙ – ж.а., Өрел а.о. Топ болып өскен қарағай
мағынасын береді. М.1. Катонқарағайдың Шабанбай аймағы –Ақ патшаның игілігіне өтіп, қарапайым қазақ көк шалғынды жайлауынан мал жаяр өрісінен айырылып қалған [76,7 б.]. М.2. Катонқарағай өңірі – ежелден құт қонған, шырайлы шығыс төріндегі киелі мекен, өзінің талантты ақын-жазушыларымен, біртуар ардақты азаматтарымен даңққа бөленген қасиетті жер [25,357 б.]. М.3. 1919 жылдың қысында Қызыл Тау қырандары полкі қызу ұрыс жүргізді. Катонқарағай, Березовка (қазіргі Қайыңды), Өрел және Берел селоларының тұсында, Таулы Алтай өлкесінде бұл полк шекарадан өтіп кетуге ынталанған ақ гвардияшылардың бөлімдерімен айқасып, талқандады [35,22 б.].
М. 4. Катонқарағай, Большенарым ауылдарында көз тартарық жаңа мешіттер пайдалануға берілді [35,10б.]. М.5. Катонқарағай, Жаңаүлгі, Новохайрузовка, Берел, Новополяковка, Жамбыл ауылдарындағы су құбырлары күрделі жөндеуден өткізілді [35,10б.]. М.6. Катонқарағай, Медведка, Ақсу, Черново, Маркс және Өрел. 1957 жылы 26 қыркүйектегі Қазақ ССР Жоғары Советі Президумының Жарлығымен тағы да ауылдық Кеңестерді ірілендіру жүргізілді. Коробиха және Маркс – Маркс ауылдық Кеңесіне, Медведевка және Шыбынды Бұлақ – Медведевка, Катонқарағай және Шыңғыстай – Катонқарағай, Өрел және Берел – Өрел ауылдық Кеңесіне біріктірілді. Таңба ауылдық Кеңесі жойылып, Жоғары Березовка, Таловочка және Қызыл Жұлдыз елді мекендері Черново ауылдық Кеңесіне, ал Таңба Өрел ауылдық Кеңесінің құрамына енгізілді. Сөйтіп, 1957 жылы аудандық ауылдық Кеңестердің
125
саны алтыға дейін қысқарды. Олар Катонқарағай, Медведка, Ақсу, Черново, Маркс және Өрел Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінуі [3,34б.]. М.7. Тарихи деректер бойынша ол 1928 жылы 17 қаңтарда алтыншы шақырылған Автономиялық Қазақ КСР-і Орталық Атқартау Комитетінің екінші және үшінші сессияларының қаулысымен бұрын губерния, оркуг, болысқа бөлініп келген Автономиялық Қазақ КСР-інің әкімшілік- аумақтық бөлінуі жойылып, округке, ауданға бөліну жобасы бекітілді. Осы құжаттың негізінде Бұқтырма уезінің аумағындағы Катонқарағай, Поздняковски болыстықтары мен Зайсан уезінің Пограничный болыстығының бөліктерінен Катонқарағай ауданы құрылды [35,25б.]. М.8. Тұрғын халықтың айтуына қарағанда, Катонқарағай монғолдың «Топ қарағай» деген сөз тіркесі. Село маңында бір топ карағай әлі бар. Бұл Катонқарағай атауының «топ қарағай» деген мағынаны білдіретінін дәледейтін бірінші себеп болса, екіншіден осыған ұқсас, осы үлгімен жасалған топонимдер де аз кездеспейді. Топқайың, Белқарағай, Шоқтал осы аудандағы жер аттары. Таулы Алтай автономиялы облысындағы Қосағаш ауданында да Шоққарағай деген географиялық атау бар. Бұрын Катонқарағайда үлкен жәрмеңке болатын. Бұл жәрмеңке жыл сайын декабрьдің 6 - нан 19 - на дейін өткізілген. Оған Монголия, Қытай елдерінен, Зайсан, Самар, Қосағаш, Өскемен, Семей тағы басқа көптеген жерлерден халық жиылатын. Монғол жерін мекен еткен қазақтардың ұраны Байтайлақ еді дейді, ақсақал Нүркіш Жеңсебаев. Осы жәрмеңкеге келгенде олар бір оқыс жағдай болса Байтайлақ , Байтайлақ деп айғай салатын болған. Бұл ұранға қалғандары лезде жиылатын болған екен [3,74б.]. М.а. Ұзын Жотадан кейінгі жер [100]. М.: ә. Катон – қотан деген сөз бір аймақты білдіреді. Бір жағында самырсын ағаштары бөлек өскен. Бір жағында топ болып қарағай өскен. Сондықтан қарағай атауы осыдан шыққан [156].