127
КЕЗЕҢ – ж.а., Жамбыл а.о. Жотаға не тау бөртектеріне шығар бетті
кезең дейді [120].
КЕЛДІБЕК – ж.а., Өрел а.о. М.: Кісі атына байланысты қалған атау
[118].
М.:ә. Мосағаштан ары қарай жүрсен, Келдібектен шығасын
[119].
КЕЛДІБЕК – қыстақ, шабындық. М.: Кісі атына байланысты
қойылған атау [100].
КЕМЕР – ж.а., Катонқарағай а.о.
Өзен-көлдің жиегінде
орналасқандықтан қойылған атау. Екінші мағынасында, өзеннің
жиегінен асып таситын болғандықтан қойылған атау болса керек[130].
КЕМПІР – тау, Жамбыл а.о. Кемпірдің мерт болуына байланысты
қойылған жер атауы.
М.1.Таудың етегінде орналасқан қорғандар
тізбегі саны жағынан ең үлкен және ол оңтүстіктен солтүстікке
қарай созылып жатыр. Кемпір мен Қайнар шоқыларының тоғысатын
жерінде оңтүстіктен қойнауға қарай орналасқан [83, 225 с.].
М.2:
Енді, обаның салыну кезеңдеріне тоқталайық. Алдымен, жерлеу
орнын таңдап таңдап анықтау рәсімін абыздар өткізуі мүмкін. Бұл
жер, шын мәнісінде, қорымдағы ең бір ыңғайлы ерекше орын. Егер
ең үлкен №1 оба террассаның нағыз ұшында, жекелене орналасса,
№11 қорған тау етегіне жақын орналасқан, бірақ күн батарда
жанындағы Кемпір таудың көлеңкесі екеуіне де бір сәтте диагональ
бойынша түсіп, күннің соңғы нұры екеуін де бірге жабады. Абыздар
осы жағдайды да байқап ескеруі мүмкін [82,17б.].
М.: Көшіп бара
жатқанда ат жығылып бір кемпір құлап, өлген. Содан аталып
кеткен [105].
КЕМПІРҚАРАҒАЙ – қыстау, Берел а.о. Діңі қатты қыртыстанған,
әжімге ұқсас қарағайлы жерге берілуі мүмкін.
М.: Берел маңындағы
қыстақ [101].
КЕНЕУКӨЛ – шабындық.
Қасиетті,
шипалы көл маңында
орналасқан шыбындық атауы болса керек.
М.: Қасиетті көл
мағынасында қолданылған [100].
КЕНЖЕШАҒЫР – жайлау, Жамбыл а.о. Кеш шығатын, құмды
жерлерде өсетін көпжылдық шөптесін өсімдіктің кездесуіне байланысты
қойылған атау.
Шағыр – құмды, шағылды жерлерде өсетін көпжылдық
шөптесін өсімдік [57,192 б.]
Достарыңызбен бөлісу: