128
КЕҢАРАЛ – ж.а., Белқарағай а.о. Арал аумағының көлемді екенін
білдіретін атау.
М.1.«Қазіргі кезде Топқайың ауылының маңында
«Есімхан тоғайы», «Кеңарал», «Сарыбұлақ», «Қаралақ», «Шабынды
бұлақ», «Үлкен Текше», «Кіші Текше», «Құржыра» аталып жүрген
жерлердің бәрінде Есімхан бай мал ұстаған [35, 211б.].
КЕҢЖЫРА – жайылым, Жамбыл а.о. Кең (сын есім) және жыра (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. «Жыра» сөзі қазақ
әдеби тілінің сөздігінде «1. Жаңбыр, қар суы жырып кеткен терең жер,
сай-сала» [48,738 б.] деп сипатталады. Олай болса, Қар, жаңбыр суы
жырып кеткен жердің ауқымы үлкен болуынан, яғни жердің сыртқы
көлеміне орай қалыптасқан атау [120].
КЕҢӨТКЕЛ – ж.а., Өрел а.о. Бұлақтың өткелінің кеңдігіне
байланысты қойылған атау.
М.:Төменгі жағындағы бұлақтың өткелінің
кеңдігіне байланысты қойылған атау [118].
КЕҢСАЙ – с ай, Катонқарағай а.о. Мойылды ауылына кіреберістегі
сай, ауыл зираты маңайы[99].
КЕҢСАЙ – құз, Өрел а.о., Кең, үлкен аңғар құзды осылай атаған.
М.: Мырзабек Құлаған шатынан кейін орналасқан. Атына заты сай,
үлкен десе үлкен сай[100].
КЕҢСАЙ – сай, Өрел а.о. Кең, үлкен аңғарлы сайдың атауы.
М.:
Қаратастағы сай [100].
КЕҢСАЙ – сай, Катонқарағай а.о. Кең, үлкен аңғарлы сай.
М.:
Ақжар тауында орналасқан [157].
КЕҢСАЙ – шабындық, Өрел а.о. Жердің ыңғайына байланысты
қойылған атау [118].
КЕПЕ – жер үсті, Үлкеннарын а.о.
Төбесі қамыс немесе шөппен
жабылған лашық атауы.
М.: Кепе – жартылай жерден қазылған,
қабырғалары көбінесе, балшық не шымнан қаланып, төбесі қамыс
немесе шөппен жабылған лашық
Достарыңызбен бөлісу: