Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет104/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

КАТОНҚАРАҒАЙ ҚОРЫМДАРЫ – қорым, Берел а.о. 
Катонқарағай маңындағы қалың бейіт болғандықтан осылай аталған. 
Қорым – тас, топырақ немесе қиыршық тастан үйіліп жасалған ертедегі 
ғұрыптық жерлеу орны; өлгендердің сүйегі қойылған қалың бейіт [52, 
111б.]. Катон бейіттерінде аршылған заттар ежелгі темір дәуіріндегі 
мәдениетпен ұштасады [76,14б.]. 
КАТОНЧИК – төбе, Жамбыл а.о., Орыс тіліндегі қосымша арқылы 
жасалған атау. Біздің тұжырымымыз бойынша бұл сөз де Катон – қатын 
– қадын – қайың тәрізді фоносемантикалық өзгеріске ұшыраған атау. 


126
Бұл аймақта көне заманда қайың ағашы көп өскендіктен берілген атау 
деген пікірдеміз [120].
КӘЛІМ АСУЫ – асу, Катонқарағай а.о. Этнотопоним[162].
КӘЛІМЖАМБАС – ж.а. Кәлімдер отырған жер сұлбасын жамбас 
сүйекке ұқсатудан туған атау. М.: Жамбас сүйекке ұқсағандықтан 
аталған [124].
КӘЛІМ ЗИРАТЫ – зират, Катонқарағай а.о. Кісі есіміне байланысты 
қойылған атау[162].
 КӘМШАТЖҰРТ- жайлау, Жамбыл а.о. Кәмшат (зат есім) және 
жұрт (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Кәмшат 
– сусарлар тұқымдасына жататын, терісі өте құнды аң, қазақ тілінде 
құндыз немесе қама деп те аталады. Ал жұрт – халықтың қоныстанған 
мекені мағынасында қолданылып тұр. Олай болса, жұртта құндыз көп 
мекендейтіндіктен, қалыптасқан атау болып табылады[120].
КӘМІЛБЕК – ж.а., Өрел а.о. Кісі есіміне байланысты қойылған 
атау. М.: Жүректің жанында [100].
КӘРМЕН ЖҰРТЫ – жайлау, Үлкеннарын а.о. Кісі есіміне 
байланысты қойылған атау. Кәрменнің жұрты деген мағынаны білдіреді. 
М.: Кәрмен деген кісінің жері болғандықтан, осы жер Кәрмен жұрты 
атанған [150].
КӘРНЕ – шабындық. Кісі атына байланысты қойылған атау[100]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет