Катон-Верстка-01. indd


ҚЫРЖЫБАЙ – бұлақ, Өрел а.о. антропогидроним. М.: Кісі атына  байланысты қалған атау[118]. ҚЫРМЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет166/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚЫРЖЫБАЙ – бұлақ, Өрел а.о. антропогидроним. М.: Кісі атына 
байланысты қалған атау[118].
ҚЫРМЫЗЫ – асу. Қырмызы гүлі көп өсуі топонимдік атауға негіз 
болған. М.: Аққаядан кейін тұр. Қытайға асатын асу[100].
ҚЫРЫҚҚҰДЫҚ – көлшіктер, Белқарағай а,о. Микрогидроним. 
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының 
гидронимиялық жүйесінде табиғи су нысан атаулары бұл өңірде 
табиғи су көзінің мол екендігінен ақпарат береді, мұндай атаулар 
өзен, көл, бұлақ маңындағы қоныстардың жайылымдыққа өте қолайлы 
жер екендігін көрсетеді. Моңғол және түрік халықтарында «бұлақ», 
«құдық» терминдері арқылы қалыптасқан топонимдік атаулар жиі 
кездесетінін байқауға болады. Топонимдік атаудың бірінші сыңарын 
құрап тұрған сан есім нысанның нақты санын беріп тұрған жоқ, көптік 
мағына үстемелеп тұрған сөз [134].
ҚЫРЫҚОШАҚ – жайлау, Алтынбел а.о. Топонимдік атаудың екінші 
сыңары ел, жұрт отырған жер деген мағына береді. «Қырық» сан есімі 
нақты мағынасында қолданылып тұрған жоқ, үй санын мөлшерлеп 


185
көрсету мақсатында жұмсалып тұр. Ошақ сөзінің негізгі мағынасы: 
«үстіне қазан қойып, тамақ пісіруге арналған үш аяқты қоршау темір» 
[54,744 б.]. М.: От жағатын жер, 30-40 шақты ошақ болған[121].
ҚЫРЫҚБҰЛАҚ – ж.а. Өрел а.о. Қазақ халқының ұлттық танымында 
«қырық» саны қасиетті сан болып есептеледі. Топонижасамда «қырық» 
сан есімі өте жиі қолданылады. Топонимдік атау географиялық мекеннің 
сулы өңір екенінен ақпарат береді. М1.: Құмдақтан бері қарай[111], 
М2.: Осы өлкеде бұлақ өте көп болғандықтан осылай атап кеткен[109].
ҚЫРЫҚҚҰДЫҚ – ж.а. Катонқарағай а.о. Табиғи су нысандарының 
топонимдегі көрінісі. Жердің суы мол деген мағыналық ақпаратқа ие 
топонимдік атау. М.: Шыбынды бұлақтан ары қарай орналасқан. Суы 
көп, құнарлы жер болса керек[


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет