183
ҚЫЗЫЛҚҰМ ДАРАСЫ – дара, Катонқарағай а.о. Қызылқұм
асуының бір шатқалы.
М.: Қызылқұм жайлауында орналасқан[146].
ҚЫЗЫЛСИЫР АСУЫ – асу, Катонқарағай а.о. Қызыл (сын есім) +
сиыр (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған асу атауы. Атаудың екінші
компоненті төбе, шоқы деген мағынада жұмсалып тұр. Ғалымдардың
пікірінше, Атаудың екінші сыңары түркі тілдерінде түрлі фонетикалық
тұрғыда айтылады. Алт. Суури – «істік, үшкір, конус тәріздес, тув.
Суур – «шоқы, төбе, үшкір, конус тәріздес, орыс тіліндегі сугор «шоқы»
сөздерінің мағынасы да, тұлғасы да ұқсас. Бұған қарағанда топоним
құрамындағы сиыр осы көрсетілген сөздермен мағыналас деп қараймыз.
Атаудың мағынасы: «Қызылұш, қызыл шоқы, қызыл төбе» болар деп
жобалаймыз [33,464б.].
М1.: Бұрынғы Алтай совхозы асатын асу[132.].
Х2.: Үшкүңгейден кейін орналасқан[132].
ҚЫЗЫЛТАС – ж.а. Өрел а.о. Табиғи-географиялық ортаның
ерекшелігін көрсетіп тұрған атау, анықтауыш + географиялық
термин моделі бойынша жасалған. Өңір тау-тасты жер, атаудың
анықтауыштық компоненті тау-тас жыныстарының түр-түсінің
көрсеткіші қызметін атқарып тұр. «Негізінде қызыл сөзінің
географиялық термин ретіндегі тағы бір мағынасы – «таудағы
тас жыныстарының түр-түсін көрсетеді»[33,461б.].
М.: Ерекше
тастарға байланысты қойылған атау[118]. М1.:
«Ауған ел
басқа мекен таппай Жазатыр маңайындағы Монғолияға
қарасты Қызылтас деген алқапты қыстап шығыпты»[41,138б.].
М2.:
«Елінен, жерінен мүлде қол үзіп, алыстап кеткісі келмеген
Шәкен, Бұқтырма өзенінің төр басындағы Қалғұтының Қаратас,
Қызылтас, Қоскөл деген жерінен өзіне, балалары Дүсіп, Назарбай,
Ниязбайларға арнап қыстай салып, Қобда маңындағы Керейлерді
басқаруға кіріседі» [41,152б.].
Достарыңызбен бөлісу: