184
ҚЫМЫЗ – сай, Солоновка, а.о. Нақты бір іс-әрекет нәтижесінде
қалыптасқан топонимдік атау. Қымызды ауыл отырған жер.
М.: Қымыз
сауатын жер[123].
ҚЫҢЫРСАЙ – сай, Катонқарағай а.о. Топонимдік атаудың бірінші
сыңары «сай» сөзіне анықтауыштық қызмет ретінде жұмсалып тұр.
Географиялық нысанға тән табиғи бір қасиеттен ақпарат береді. 1.
ҚЫҢ елік. Қысқа шуылды дыбысты бейнелейтін сөз [52, 544б.], «-ыр,
-ір, -р» қосымшалары еліктеуіш сөздерден зат есімдер қалыптастыра
алады:
күңгір (<күңк+ір), тықыр (<тық+ыр), шықыр (<шық+ыр)
т.б., кейбір бір буынды көне түбірлерге қосылып, туынды сын есімдер
пайда болған:
жұмыр, иір, обыр, қыңыр, шымыр т.б. Топонимжасамда
«табиғи нысанның толық емес сипатын
, мінезін (
Есір)» білдіреді
[16,404б.].
М.: Ақжар тауында орналасқан [157].
ҚЫРҒИ – мойнақ, Белқарағай а.о. Қырғи құсының мол болуына
байланысты қойылған атау[134]. М.:
Әне, мұқым Топқайың ауылы
(ертеректе Қуқарағай аталған) қарадомалақтыларының көк талды ат
қып мініп, бозбалалыққа дайындалар алаңы іспеттес Бүркіт суының,
Күлмес өзенінің аңғары; әне, жеті жасар Қалихан мен Айдарханның
(«Қоңыр күз еді») құбылаға бет бұрып, қанды қасапқа аттанып бара
жатқан әке-ағаларын ботаай боздай қуалай барып топырақ қауып,
зар еңіреп қалатын Қырғи мойнағы... [40,250б.].
Достарыңызбен бөлісу: