МҰҚЫР – ауыл, Өрел а.о. «Мұқыр» сөзі әртүрлі нысандарға ортақ
екені байқалады. Шағын ауыл мағынасын береді деп шамалаймыз.
Мұқыр сын.жерг. 1. Тұқыр, тоқал [53,338б.]. Жергілікті тұрғындардың
айтуынша, ойконим атауына Мұқыр өзені негіз болған. М1.: Бұл ауылдың Мұқыр аталуы ауыл іргесінен сарқырап аққан Мұқыр өзеніне қатысты болса керек, тегі. Ұтқыр сөз бен бейнелі теңеуге келгенде баяғыда да от ауыз, орақ тілді кісілер болған ғой. Сол бабалар өзенге “Мұқыр” деген атауды қалай ғана дәл тауып қоя салған деп таң қаласың. Мұқыр десе дегендей-ақ... Тау кіндігінен бүктетіле домаланып, өкіре долданып, самауырдай бұрқ-сарқ қайнап жатқаны. Мінезі аузынан ақ көбігін шашыратып, жер тарпып шыр айналған мүйізсіз мұқыр бұқадан аумайды-ау, аумайды[8,103б.]. М2.: Қарайып жұртта қалған жетеуінен басқасы бұрнағы жылдан бастап етектегі Мұқыр жаққа үздік-создық көшіп кетіскен[8,6б.]. М3.: Шыңғыстай маңында Мұқыр деген жер бар. Бұл түрік, монғол тілдерінде тұйық мағынасында жұмсалатын сын есім. [3,78б.]. М4.: Бригаданың кеңсесі қағаз+мүлкімен қоса етектегі Мұқырға түсіп кетті[8,9б.].
МҰҚЫР – ж.а. Өрел а.о. [118]. М.: Шыңғыстай маңында Мұқыр деген жер бар. Бұл түрік, монғол тілдерінде тұйық мағынасында жұмсалатын сын есім[3,78 б.].
МҰҚЫР – өзен, Өрел а.о. Негізгі нысан атауы. Көшпенді өмір
салтын ұстанған қазақтар үшін судың көзі маңызды орынға ие болған.
Су көздерінің атаулары сол маңайдағы басқа елдімекендер атауына негіз
болған. Мұқыр гидрониміне Мұқыр ойконимі негіз болған. М.: Мүйізін кесіп алып, арқанды ағытқанда, Кербұғы атылып шықты да, мүйізі жоқ м ұ қ ы р екені есіне түскендей, жер иіскей келе жөнелді [24].
МҰҚЫР – сай, Өрел а.о. Бұл өңірде «Мұқыр» топонимдік атауы жиі
кездеседі. Барлық Мұқыр атауларына Мұқыр ойконимі негіз болған.
М.:Мұқыр сайына, Жәнібек жайлауға көшпей тұрғанда, бір қой алып келсек... Мына тұрған жер ғой[11,177б.].