196
ауыл (Алтай совхозының 4- ші бөлімшісі), Каменка, Мойылды атанған,
дәуірлеген ССРО кезінде 90 үйлі, қазір 10-15 үйлі елді мекен, әкімдік,
кітапхана, орманшы, 8 жылдық мектеп жүйесі жойылған. Бұқтырма
өзенінің оң жағалауында, Мойылды өзенінің сол жағалауында, айналасы
тау сілемдері арасындағы жазықта орналасқан. Мойыл, долана, қарақат,
қызылқарақат, таңқурай, шырша, қарағай, қайың, терек, көктерек,
көкбояу, мүкжидек, көкжидек, итбүлдірген, итмұрын, тау сарымсақ,
қайыңбүлдірген, тау күлі, қараған, акация, эдельвейс, көкнәр, қызғалдақ,
сарғалдақ, шиегүл, қарандыз, марал, алтын тамыр, женшен тб. өседі.
Теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қар басқан[99].
МОЙЫЛДЫСАЙ – сай, Катонқарағай ауд. Сайда мойыл ағашының
мол болуы топоним атауына негіз болған. М.:
Айтпақшы, бүгін
түсімде Мойылдысайды көрдім. Өзің айта беретін әлгі Бұқтырманың
жағасындағы Мойылдысай ше... Сайдың ішінде сарқырап өзен ағып
жатыр екен деймін. Сен өзен жағасындағы бір түп мойылдың
уылжыған қап-қара жемісін ат үстінен үзіп жеп тұр екенсің [11,314б.].
Достарыңызбен бөлісу: