Катон-Верстка-01. indd


МОНШАЖҰРТ – жайлау, Жамбыл а.о. Монша салынған жер  болғандықтан қойылған атау[120]. МОРТЫ ҚАБАҒЫ



Pdf көрінісі
бет179/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

МОНШАЖҰРТ – жайлау, Жамбыл а.о. Монша салынған жер 
болғандықтан қойылған атау[120].
МОРТЫ ҚАБАҒЫ – дөң. Катонқарағай а.о. 1-н.: Бұл жерде 
қолөнерге қатысты болуы мүмкін, яғни ағашты иіп қажет формаға 
келтіру үшін морлайды. Мортының қабағы ағаш морлауға қолайлы жер 
болғандықтан атау қалыптасуы мүмкін. Ал –ты жұрнағы көне түркі 
тілінде топоним жасаушы жұрнақтың бірі. (Морты, Бұланты, Жаматы 
т.б.) Мор - қисық я қатты ағашты ию, түзету үшін жаққан қоза, қоламта. 
Аң аулау барысында аңды інінен шығару үшін түтін салады[180,941б.]. 
2-н.: Монғол тілінде морь –жылқы. Морьтой – жылқылы алқап деген 
мағына береді. Қатар жатқан екі елдің арасында сөз алмасу үдерісі болып 
тұратын жағдай. Морьтой айтылуда Мор- той – Морты болып өзгеріске 
түскен. Қыста қар жатпайтын қара жер болғандықтан жылқының 
жайылымына қолайлы жер болғандықтан (жылқылы алқап) атауға 
негіз болған. [163].
МОСАҒАШ – ж.а. Өрел а.о. М.: Балапаннан жоғарырақ орналасқан. 
[119].
МОШАНБЕЙІТ – ж.а. Өрел а.о. антропотопоним. Х.: Кісі атына 
байланысты қалған атау[118].
МӨРДӨШКЕ – ж.а. Өрел а.о. Орыс тілінен енген сөздің қазақ 
тіліне икемделіп, дыбыстық өзгеріске түскен қазақша атауы. М.: Үлкен 
– үлкен тастар бар. «Мордочка» деген орысша атаудан қазақшаланып 
Мөрдөшке аталып кеткен[100].


197
МУРАВЕЙ – совхоз, Солдатова а.о. Орыс тілінен енген атау. Совхоз, 
колхоздар құрылып, көптеген елдi мекен, қоныс, өзен, көл атаулары 
орыс тілінде қойылып, орыс тiлдi топонимдер жүйесi пайда болған.
М.: Солдатова жерінде болған совхоз атауы [195].
МҰЗБЕЛ – тау, Өрел а.о. Мұзды асу. 1. Бел геогр. Жонда, қырда, 
жалда, адырда болатын жадағай кең асу [45,231б.];[154]. М1.: «Жаз 
жайлауым Қарасаз, Мұзбел, Татан...»[41,224б.]. М2.: Алатай 
тұсындағы Мұзбел деп аталатын таудың қуысына қашып кіріп 
кеткен[23,36б.]. М3.: Есін қайта жиған кезде өзіне түнере төнген үш 
айыр шыңды көрді. Дара...Мұзбелдің ең биік шыңы осы. Оның ортадағы 
зеңгір басының бір жақ шекесінен сыңар мүйізденіп ай шығып келеді 
екен[11,12б.]. М4.: Шілденің қоңыр салқын мақпал түні Мұзбелдің 
сойдақ-сойдақ ит азу шыңдарына жаңа ғана ит бауыр басқан шақ. 
Әлгінде құз жартастардың арасында сыпсың-сыпсың етіп, бұлғақ 
қаққан жібек жел де қазір сап тыйылған [11,11б.].
МҰЗДЫБҰЛАҚ – бұлақ, Өрел а.о. Гидронимнің табиғи ерекшелігіне 
орай қойылған топонимдік атау. Атаудың бірінші компоненті бұлақ 
суына анықтауыш ретінде жұмсалып тұр. Судың мұздай суықтығынан 
ақпарат беретін топонимдік атау. М.: Суы суық, тау басынан бастауын 
алғандықтан Мұздыбұлақ аталуы керек[119].
МҰЗДЫБҰЛАҚ – ж.а. Өрел а.о. Жер атауына Мұздыбұлақ 
гидронимі негіз болған. М.: Мұздыбұлақ бұлақ ағып өткеннен кейін, 
жерінде Мұздыбұлақ атаған[119].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет