Катон-Верстка-01. indd


МҰЗСАЙ – сай, Жамбыл а.о. Жердің географиялық ерекшелігі  топонимдік атауға негіз болды [120]. МҰЗТАУ



Pdf көрінісі
бет180/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

МҰЗСАЙ – сай, Жамбыл а.о. Жердің географиялық ерекшелігі 
топонимдік атауға негіз болды [120].
МҰЗТАУ – тау, шың. Өрел а.о. Таудың айрықша белгісі – мәңгі 
мұз жамылғысы «Мұзтау» атауына негіз болған.
МҰЗ з а т. 1. Аяздың 
әсерінен қатып қалған су; судың қатты күйі [53,329б.], М1.: Шұршейіт 
елі Қытай жақтан асып келген. Сол көшіп бара жатқанда жылқылар 
таудан өте алмаған. Сол себепті аттың тұяғына киіз байлап түскен 
дейді[140]. М1: Мұзтау (мәңгі мұзы бар, мұзды тау) – Алтай мен 
Сібірдің ең биік қос өркешті шыңы (4506 м). Қатын жотасының 
тораптық пункті болып табылады [76,55б.]. М2.: «Айбарлы Мұзтаудың 
етегінен басталып, Ертіске қарай ағындай ағатын асау Бұқтырманың 
желісін қуалап, көк сүңгісі көкті тіреген, ақбас Алтайдың бауырын 
көмкеріп жатқан қара орманды қлкеміздің ерекшелігі мен байлығын 
тілмен айтып жеткізу мүмкін емес»[35,7б.]. М3.: «Басын Мұзтаудан 
алып, өр Алтайды жарып ағатын үлкен өзенді орыстар «Катунь» 


198
дейді де, қазақтар «Қатын суы» деп атайды» [41,23б.]. М4.: В 
свободное время Виталий Андреевич продолжал совершать поездки в 
горы Саура, Муз-Тау, Сайкан, Монрак, и Кишкине-Тау для пополнения 
своей коллекции птиц и выполнения поручений Западно-Сибирского 
отдела... [167,100с.]. М5.: Мұзтау – қазақ халқы үшін Алтайдың ең 
биік шыңы, алтайлықтар Қатын Басы, Үш Сүмер, кейіннен орысша 
Белуха деп жүр. Мұзтау әлемге Белуха (Қатын Басы, Үш Сүмер) 
атымен танымал бола бастады. Үш Сүмер немесе Үш сюре...көне 
түркіде тәңір тұрағы, қазақ жайлауда құрт-ірімшік жаятын үсті 
тегіс тасты сөре дейді. Алтайда асқақ қатар тұрған үш шыңды кейде 
жеке-жеке атап Ақ Сөре, Мұзтау, Қатын Басы деп айтады[76,39б.]. 
М6.: Мұнартып Мұзтау көз көрім, Сыбызғы сырын айтпаған[29,12б.]. 
М7.: Мұзтауға бардым! Мұздаған жүрек алаулап қайта жанар деп, 
Дүниеге ойлы пәк көңілменен қарар деп[2,279б.]. М8.: Мұзтаудың 
сағымындай көлге түскен, Кеттің-ау өмір бойы арман болып[42,15б.]. 
М9.: Росссия мен Қазақстанды атақты шың Мұзтаудан бастау 
алатын ағыны қатты Хатынь өзені бөліп жатар еді[22,149б.]. 
М9.:Шығыс Қазақстандағы ең биік тау шыңы Мұзтау осы ауданның 
шығыс шекарасына орналасқан. Оның биіктігі 4506 метр. Мұзтауға 
жақын елімізге аты белгілі «Рақман қайнары» санаторийі жайғасқан. 
Бұл родонға бай термиялық қайнар[3,3б.]. М10.: Ала жаздай Мұзтауға 
шұбырған шамбалашылар, рерихшілерді былай қойшы, қара жаяу 
қаптаған туристердің ішінен қара көзді емге таппайсың[7,145б.]. 
М10.: - Қазір толастайды, өткінші ғой, - деді әкем жарғақ сулығын 
Қаршыға екеуіміздің басымызға жауып. “Сонсоң мен сендерге Мұз 
тауын көрсетемін. Сұлушоқының үстінде тұрып, Мұз тауын көрген 
адам лайым бағытты ғұмыр кешеді дейтін аңыз бар. Ал киелі тау кез 
келген адамға кез келген күні көріне бермек емес” [21,192б.]. М11.: Жол 
ортасы - Сейсембай деген Мұзтаудың етегіндегі шалғыны шұрайлы 
иен-тегінт аңғар болатын. Осы жағдайды ескерген кеніш бастықтары 
Сейсембайға ары-бері жүргенде жұмысшылардың қона кетуі үшін 
қарағайдан қиып бекет уй салдырған-ды[8,229б.]. М12.: Мұз тауы! 
Әлемдегі ең биік шыңдардың бірінен саналасың, бірақ көзге көрінбейсің, 
көзге көрінбейтінің сенің аппақ сом бітіміңді күндіз-түні шуда-шуда 
бұлттар тұмшалап жатады. Тек, айында-жылында бір рет қана 
үстіндегі шудаланған бұлтты сілкіп тастап, жарқ етіп дидарыңды 
көрсетіп, сонсоң ақ отауға кіріп кеткен қас сұлудай көзден ғайып 
боласың. Көрген де арманда, көрмеген де арманда[21,193б.]. М13.: 


199
Мұзтау (орысша аты - Белуха) - Алтай тауларының ең биік нүктесі 
(4506м), Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан. Мұзтаудың 
басы мен етегі мәңгі қар, алуан түрлі мұздықтар, мұздықтардың 
жалпы көлемі 70 шаршы километрді қамтып жатыр. Мұзтаудың 
төңірегінде 162 мұздық бар[7,155б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет