КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ СӨЗДІГІ АБАЙ – е.м., Үлкеннарын а.о. Қазақтың атақты ақыны Абай
Құнанбаевтың құрметіне қойылған атау. М: Кейін Суықшат Абай колхозы болған [153].
АБАҚАЙ – жайлау, Жамбыл а.о. Антропотопоним[120].
АБЫҚАН – бұлақ, Катонқарағай а.о. Кісі атына қатысты қойылған
атау. [163]; [107].
АБЫРҒАН – жайлау, Өрел а.о. М.: Қалмақ атауы секілді, зерттеу керек. [118].
АЙБАЛТА – сай, Маланарым а.о. Аталған жердің сыртқы формасы
балтаға ұқсас болғандықтан қойылған атау. М.: Жайлауға баратын жол. Балтаға ұқсас берілген атау[123].
АЙБАЛТА – тау, Алтынбел а.о. Атаудың қойылуына айбалтаға
қатысты оқиға негіз болған. М.: Жоғарыда көрсетілген мысалда Байжан дәлел ретінде Шақпақтасты көрсеткен. Сонымен қатар, дәлел көзі ретінде тау басына шығып, өз айбалтасын көрсеткен. Содан бері тау, Айбалта тауы деп аталып кеткен[137].
АЙБОЛҒАН – ж.а., Қатонқарағай а.о. Антропотопоним. М.: Онда бұғы ұстаған[148].
АЙБОТА – ж.а., Катонқарағай а.о. Антропотопоним. М.: В конце 1960-х с появлением мощной тракторной техники через южный отрог Алтая – Нарымский хребет сделали дорогу в сторону Курчума, по которой колхозные гусеничные тракторы спускали лес. Как-то за перевалом на участке Айбота устремившиеся по тракторному следу талые и дождевые воды размыли почвы и открыли человеческому взору плавильные печи, в которых тысячи лет назад добывалась руда[12,39с.].
АЙБӨБЕК – жайлау, Аққайнар а.о. Антропотопоним. М.: Сиыр фермасының жері [124].
АЙҒАЙ – тау, Аққайнар а.о. Ел жайлауға көшіп келе жатқан уақытта
аталған биікте арбадағы өгіз бен аттар арбаны тарта алмай қиналғанда,
мал айдаушылар малға күш беру үшін айғайға басып, содан