Катон-Верстка-01. indd


КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ЖЕР-СУ



Pdf көрінісі
бет20/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   305
КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ЖЕР-СУ 
АТАУЛАРЫНЫҢ СӨЗДІГІ
АБАЙ – е.м., Үлкеннарын а.о. Қазақтың атақты ақыны Абай 
Құнанбаевтың құрметіне қойылған атау. М: Кейін Суықшат Абай 
колхозы болған [153].
АБАҚАЙ – жайлау, Жамбыл а.о. Антропотопоним[120].
АБЫҚАН – бұлақ, Катонқарағай а.о. Кісі атына қатысты қойылған 
атау. [163]; [107].
АБЫРҒАН – жайлау, Өрел а.о. М.: Қалмақ атауы секілді, зерттеу 
керек. [118].
АЙБАЛТА – сай, Маланарым а.о. Аталған жердің сыртқы формасы 
балтаға ұқсас болғандықтан қойылған атау. М.: Жайлауға баратын 
жол. Балтаға ұқсас берілген атау[123].
АЙБАЛТА – тау, Алтынбел а.о. Атаудың қойылуына айбалтаға 
қатысты оқиға негіз болған. М.: Жоғарыда көрсетілген мысалда Байжан 
дәлел ретінде Шақпақтасты көрсеткен. Сонымен қатар, дәлел көзі 
ретінде тау басына шығып, өз айбалтасын көрсеткен. Содан бері 
тау, Айбалта тауы деп аталып кеткен[137].
АЙБОЛҒАН – ж.а., Қатонқарағай а.о. Антропотопоним. М.: Онда 
бұғы ұстаған[148].
АЙБОТА – ж.а., Катонқарағай а.о. Антропотопоним. М.: В конце 
1960-х с появлением мощной тракторной техники через южный отрог 
Алтая – Нарымский хребет сделали дорогу в сторону Курчума, по 
которой колхозные гусеничные тракторы спускали лес. Как-то за 
перевалом на участке Айбота устремившиеся по тракторному следу 
талые и дождевые воды размыли почвы и открыли человеческому взору 
плавильные печи, в которых тысячи лет назад добывалась руда[12,39с.].
АЙБӨБЕК – жайлау, Аққайнар а.о. Антропотопоним. М.: Сиыр 
фермасының жері [124].
АЙҒАЙ – тау, Аққайнар а.о. Ел жайлауға көшіп келе жатқан уақытта 
аталған биікте арбадағы өгіз бен аттар арбаны тарта алмай қиналғанда, 
мал айдаушылар малға күш беру үшін айғайға басып, содан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет