Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет23/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

АЙЫРКЕЗЕҢ – жайлау, Өрел а.о. Кезең екі бөліктен тұратын 
болғандықтан қойылған атау. М.: Жердің ыңғайына байланысты 
қойылған атау [118] .
АЙЫРТАС – жайлау, Белқарағай а.о. Айырылған, екіге бөлінген тас 
мағынасында тұр. М.: Бір тас екіге қақ бөлінген. Сол екі тас арасында 
қой санайды[134].
АЙЫРТАС – тау, Аққайнар а.о. Таудың басы екі кішірек шоқыдан 
тұрса, жергілікті жерде айыртас деп атау дәстүрі қалыптасқан. М.: 
Өскелен жайлауының үстіндегі таудың бөлігі. Астыңғы жағында 
малшылар отырады [152].
АЙЫРТАС- тау, ж.а., Қатонқарағай а.о. Ошыбайдың тұсынан анық 
көрініп тұратын, басы екі бөліктен тұратын биік тау. М.: Жаматының 
үстіңгі жағы. Мұнда кран ағаш орнатқан. Ол жерден солдаттар белгі 
берген, өз парольдары болған [148].
АЙЫРТАУ – тау, Өрел а.о. Айыр – екіге бөлінген тау, екі басты тау 
дегенді білдіреді[118]. М.1: Айыртау менен басқа жұртты қабылдамай 
ма екен... Күздің сылбыраңында табанымнан таусылғаным да жетер, 
келісімімді бере алмаймын[22,106б.]. М.2: Қырдан ойға түсіп кеткен 
соң, нысаналанып келе жатқан Айыртау да көзден тасаланып көрінбей 
қалғанды[17,286б.].
АҚАЛАҚА – қыстау, Өрел а.о. Қыстау Ақалақа өзенінің жанында 
болғандықтан, қыстау өзен атауын иеленген. М.: Дәмеші дүние салған 
соң қойды біржола өткізіп, Ақалақадағы зәйімкесін тастап ауылға 


51
көшіп келген. Ауылдың ортасынан ойып тұрып үй алып, екі қызын 
өсіріп жеткізді, совхоздың қара шаруасынан қалмай, ақыры зейнетке 
де шықты[8,130 б.].
АҚАЛАҚА – кішірек өзен. Өрел а.о. Аталған өзендерге ат қоюда екі 
халық өкілдері де өзеннің физика-географиялық ерекшелігіне: бірі түр-
түсіне, екіншісі өзеннің екпініне қатысты атауды уәж еткен. 1-н: Ақалқа, 
Қараалқа өзен атаулары болуы мүмкін, себебі топоним жасауда алқа сөзі 
де жиі қолданылады. М.: Бекалқа, Алқабек, Білезік, Алқа. М.: Аппақ су 
тауды құшақтап ағып жатса, ақ алқаға, қара болып ағып жатса қара 
алқаға (моншаққа) ұқсатуы әбден мүмкін[157];[97]. 2-н.: Жергілікті 
тұрғындар Ақлақ, Қаралақ болуы мүмкін дейді. Себебі Ақлақ кішкене 
көлден аппақ болып ағып шығып жатса, Қаралақ та кішкене көлден 
қара түске еніп шығып жатады. Өзеннің лақ домалататын шамасына 
қатысты қойылса керек. Себебі қазақы танымда Тайжүзген, Тайөткен 
деген атаулар судан аталған жылқы баласының еркін өте алатынынан 
хабар беріп тұр. Көшіп-қонып жүрген ел үшін, өткелдің қандай өткел 
екені де аса маңызды. Екеуінің суы да таза, мөлдір. М.: Бір шүмегі 
бізге қарай ағады, екінші шүмегі алтайлықтарға қарай ағады. Бүгінгі 
күнде екі өзен де Ресейге өтіп кеткен. Аршатыдан ары қарай [191]. 
3-н.: Алтайлықтар тілінде өзен атаулары Ак-ала-кем- бело-пестрая 
река. Слово кем/хем «река» искажено как – «ха». Так же Кара-ала-кем 
«чистая, пестрая река». Здесь слово «кара» в занчении «чистый», а 
не «черный» [102]; Аталған өзендерге ат қоюда екі халық өкілдері де 
өзеннің физика-географиялық ерекшелігіне: бірі түр-түсіне, екіншісі 
өзеннің екпініне қатысты атауды уәж еткен. М.: Ақалақа мен Қаралақа 
өзендері Жазотырда қосылып, Арғұт өзені болып, Қатын өзеніне 
құяды [125].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет