Катон-Верстка-01. indd


АҚҚАША - қыстақ, Аққайнар а.о. Қаша ағартылғандықтан аталған.  М.: Аққайнар жақта Жұлдыз бен екі ортадағы қыстақтың аты [97]. АҚҚАША



Pdf көрінісі
бет28/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

АҚҚАША - қыстақ, Аққайнар а.о. Қаша ағартылғандықтан аталған. 
М.: Аққайнар жақта Жұлдыз бен екі ортадағы қыстақтың аты [97].
АҚҚАША – ж.а., Катонқарағай а.о. Бұл жерде қоршауы әктелген 
қыстақ болғандықтан, қойылған атау[130].
АҚҚАЯ – ж.а., Өрел а.о. Таудың тасы, жартасы құрамында 
әк затының болуына қатысты «Аққая» деп аталып кеткен. Көне 
түркі тілінде жиі қолданыста болған сөз. Қазіргі таңда түркі тілдес 
халықтардың оңтүстік батыс диалектісінде сақталған. «Қая – таудың 
тасты жері, қиысы, жартас» мағынасын береді. Қашқари сөздігінде де 
аталған мағынада сипатталған [Қашқари, 695]. Таудың тасы, жартасы 
құрамында әк затының болуына қатысты «Аққая» деп аталып кеткен[94]. 
М.: Күртінің Үстінде орналасқан. Оқшауланып келген үлкен тау[100].
АҚҚОЛТЫҚ – ж.а., Катонқарағай а.о. Қазақы ұғымда кең сай, 
шабындық жерлерді қолтық дейді. Шөбінің құрамы, түсіне қарай 
«Аққолтық» аталып кеткен[163];[107].
 АҚҚОРЫМ – жайлау, Өрел а.о. Ақ (сын есім) және қорым (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. «Ақ» түсі топоним 
қалыптастыруда қашан да өнімді сөз болып табылады. Ал қорым 
– тас, топырақ немесе қиыршық тастан үйіліп жасалған ертедегі 
ғұрыптық жерлеу орны; өлгендердің сүйегі қойылған қалың бейіт [52, 
111б.] деп сипатталады. Яғни, өңірде орналасқан бейіттердің түсіне 
байланысты қалыптасқан атау. Қорымдар өте ерте кезеңдерден бастап 
келе жатқандықтан, атау да көне болуы ықтимал[120].
АҚМАРАЛ – ауыл, Аққайнар а.о. Марал өсіретін жер болғандықтан 
қойылған атау. М.: Тарихи аты Ұра еді [116]. 
АҚОЯН – ж.а., Өрел а.о. Этнотопоним. Жазылуында «Аққоян» 
болуы керек, бірақ айтылуда бір «қ» дыбысы түсіп қалып айтылатын 
болғандықтан, ел аузында айтылуы бойынша сақталған (қазақ тілінде екі 
дауыссыз қатар келмейді) М.: Аққоян делінуі керек, алайда Аққояннан 
Ақоян деп айту жеңіл болғаннан кейін, Ақоян деп аталып кеткен[109].


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет