Катон-Верстка-01. indd


САМАШТАР –жайлау, Берел а.о. Антропотопоним, көпше түр  тұлғасында қолданылып тұр [101]. САМОШКИНА –



Pdf көрінісі
бет201/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   305
САМАШТАР –жайлау, Берел а.о. Антропотопоним, көпше түр 
тұлғасында қолданылып тұр [101].
САМОШКИНА – өзен, Солдатова а.о. Антропогидроним. М.: 
Грязнушканың жоғарғы жағы[128].
САМЫРСЫН – ж.а. Өрел а.о. жер атауына самырсынның мол 
өсуі негіз болған, з а т. <лат. abies> Өте биік өсетін қылқанжапырақты 
ағаш; қарағайдың бір түрі [57, 632 б.]. М.: Самырсын ағаштары көп 
өскен[154].
САМЫРСЫНБҰЛАҚ - ж.а. Катонқарағай ауд., жер атауына 
самырсынның мол өсуі негіз болған, М.: Мәрия, Мықан-Жақан, 
Самырсын-бұлақ учаскелерінен шөп дайындап, жылқышылардың өздері 
қыс бойы қораға тасымалдап, мал бағатын[23,54б.].
САНДЫҚТАС – ж.а. Жамбыл а.о. Сандыққа ұқсатудан 
қалыптасқан атау[
120]. М.: Жер басқан соңғы шағы таянғанын 
сезген қария жайлауға шығар алдында Анар бәйбішесінің ауылына 
қатындары, балалары мен туыстарының бәрін жиып арыздасты. 
Содан кейін елі Сандықтасқа көшкенде, өзі тоқалы Алтынай, оның 
оның екі ұлынан тараған әулетімен Қанай өзені бойына көшіп 
барды[2,161б.].


220
САПАҚ КӨҢІ – көң, ж.а. Қатонқарағай а.о. Антропотопоним. Х.: 
Ол жерде Сапақ отырған[148].
САПАР – дөңес, тау. Антропотопоним. М.: [Биіктігі 200-300м] 
Үстінде зират орналасқан. Айнала тас қойып, жиналған[103].
САПЫ – ж.а. Катонқарағай а.о. М.: Терісбұлақ маңайында 
орналасқан. [
98].
САРБҰЛАҚ ЖАЗЫҒЫ – жазық, ауыл, Новохайрузовка а.о. 
Мұражайдан алынған дерек бойынша, жер атауына сол өңірде 
бұлақтың болуы негіз болған. Бұлақ түбіндегі сары құм бұлаққа сары 
түс берген. М.: Сарбұлақ жазығында 1956 жылы жаңа ауыл пайда 
болды. Новохайрузовка ауылы. Сарбұлақ – ол қазақ сөзі. «Сары бұлақ» 
деген мағынаны береді. Ертеректе осы жазықта бұлақ аққан, оның 
түбі сары құм болған. Соның әсерінен су сары түске боялып көрінген. 
Осыған байланысты осы атау пайда болған[68]. М.: Қойды Сарбұлақ 
бөлімшесіне ауыстырса. Өйткені онда жайылым мол [169,159б.].
САРҒАЛДАҚ – ауыл, Өрел а.о. сәуір, мамыр айларында ашылатын 
сары түсті гүл [57,684б.], топонимдік атауға осы өңірде сарғалдақ 
гүлінің мол өсуі негіз болуы мүмкін. М.:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет