Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет209/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Сарымсақтыдан шығып едім, көлік кездеспей, осы тұсқа малшынып 
азар ілінгенім[168,240б.].
САРЫӨЛЕҢ – жайлау, Катонқарағай а.о. Сары (сын есім) және 
өлең (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Мұндағы 
«өлең» өсімдік атауы, «Ылғалды жерде бітік болып өсетін, көпжылдық 
майда шөп» [54, 67б.] мағынасын береді. Жайлау атауы өлең шөбінің 
шүйгіндігімен ерекшеленетіндіктен, қалыптасқан жер аты. М.: 
Катон селосының батыс бөлігіндегі Алтай тауының етегін сүйкей 


227
«Сарымсақты» өзені ағып жатыр. Оның басы сонау «Таутекелі» 
аталатын шөбі шүйгін, суы бал, мал баққанға жайлы, жайлауға 
шыққан малшылар мен шопандардың тұрмысына қолайлы өңірден 
басталады. Ал батыс бөлігі «Сарыөлең» аталатын кішкентай 
жайлаумен шектеледі[71,6б.].
САРЫСАЗ – ж.а., Өрел а.о. Сары (сын есім) және саз (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде 
«саз – 1. Су араласып, батпаққа айналған топырақ, лай. 2. Көгалы 
қалың өскен дымқыл, кең алқап» [54, 534б.] түрінде сипатталады. 
Алтай тілінде саз «сас» формасында «батпақ, батпақты» мағынасында, 
хакас тілінде «сас - батпақты, балшық жер», татар тілінде «сас, саз 
тұлғасында қолданылатын бұл сөз – су шығып тұратын балшықты жер» 
мағынасында, башқұрт тілінде «шаш» формасында келіп «қамысты 
батпақ жер» мағынасында қолданылған [78,53б.]. В.В. Радлов сөздігінде 
«сас/саз – батпақты жер, балшықты жер, сортаң топырақты жердегі саз, 
қамыс, батпақ» түрінде сипатталған [79,398б.]. Э.М. Мурзаевта «сас/
саз – жер асты суларының топыраққа кіріккен тұсындағы балшықты 
жер, ылғалды шабындық, балшықта өсетін өсімдік» түрінде беріледі 
[73,148б.]. Баскаковтың пікірі бойынша «саз» сөзі этимологиялық 
тұрғыдан «сай» сөзімен мағыналас келеді. Себебі, көне түркіден келе 
жатқан фонетикалық сәйкестілік с/з дыбысының «й» дыбысына сәйкес 
келуі осыны байқатады [13,66б.]. Татар тілінің түсіндірме сөздігінде 
«саз – су шығып тұратын, балшықты жер» ретінде берілген [78,550б.]. 
Сондай-ақ, бұл сөз орыс тіліне де кірме сөз ретінде өткен. Атап айтқанда, 
«сазовые луга», «саз» сөзі орыс тілінде батпаққа айналған жерлерді 
атау үшін қолданылады. Балқаннан Алтайға дейін созылып жатқан кең 
байтақ территорияда «саз, сазды» сөздері топонимдік атаулар құрамында 
көптеп орын алады және көп жағдайда «батпақты, сулы, қамысты жер» 
мағынасын беріп отырады. М.: Сарытепсенде орналасқан. Топырағы 
сары болғаннан кейін, Сарысаз атауы мүмкін[109].
САРЫСАЗ – жайлау, Өрел а.о. Атаудың қалыптасуына жердің 
физикалық-географиялық ерекшелігі негіз болған. Топырақ ерекшелігі 
сазды, сортаңды болуы жер атын қалыптастырған[117]. М2.: Қарышағыл 
тауынан кейінгі жайлау. Сазды жер[100].
САРЫСАЙ – сай, Белқарағай а.о. Атау сары (сын есім) және сай (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Сай» сөзі қазақ, сондай-ақ 
барлық түркі тілдерінде топоним жасаушы өнімді географиялық термин 
болып табылады. Алтай тілінде «сай – ұсақ тас, қиыршық тас, өзеннің 


228
ұсақ тасты таяз жері» мағынасында, тофа тілінде «сай – өзеннің таяз 
жері, ұсақ тас» формасында, хакас тілінде «сай – өзеннің таяз жері, 
таудың сайы» мағынасында, тува тілінде «ұсақ тас, өзеннің ең таяз 
жері», татар тілінде «сай – таяз, сай елга – таяз өзен», қырғыз тілінде 
«сай – өзеннің сағасы» мағынасында қолданылады [78,5б.]. Қашқари 
сөздігінде аталған терминге «saj – тау түзілу процесінде қалыптасқан 
тастақ жер, шөл, шөлейтті жазық жер» деген сипаттама берілген 
[61,481б.]. Қалай болғанда да, сай сөзі көне түркіден бері келе жатқан 
топоним жасаушы өнімді термин болып табылады. «Сарысай» атауының 
құрамында келген сай сөзі екі таудың арасындағы тастақ келген жазық 
жер мағынасын береді. М: Бүркіт өзені осы сайдан шығады[134].
САРЫСУ – өзен, Аққайнар а.о. Сары (сын есім) және су (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. «Су» сөзі қазақ тілінде жеке 
географиялық термин ретінде орын алмайды. Тек күрделі топонимдердің 
құрамында топоним жасаушы сөз ретінде ғана кездеседі. Алайда халық 
арасында суды «өзен» деп қабылдау қазақ тілінде кең тараған құбылыс 
болып табылады. Көне түркіден бүгінге дейінгі түркі тілдерінде су/суу/
сув/суг сөзі өзен, өзек, бұлақ, бастау және т.б. гидронимдік атауларды 
беруде кеңінен қолданылады. Қашқари сөздігінде «suv/sub – су, ылғал, 
сұйық» ретінде анықталады [61]. Түркімен және башқұрт тілдерінде су 
сөзі «көл, шағын көл» мағынасында да қолданылады [78,165б.]. Баскаков 
су сөзін «су, бастау, өзен» мағынасында сипаттайды [13,66б.]. Тува, 
тофа тілдерінде су «суг» формасында қолданылып, топоним құрамында 
«өзен» деген мағына береді [78,55б.]. Аталған топоним құрамындағы 
«су» сөзі «өзен» мағынасын берсе, «сары» судың түбі мөлдіреп, көрініп 
жатқан, таза деген ерекшелігін сипаттау үшін қолданылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет