Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет213/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

СВИНЧАТКА – ауыл, Үлкен Нарын а.о. Кірме қабатқа жататын, 
орыс тілінен енген атау. «Свинчатка – бұл алақанға сәйкес келетін 
металл немесе қорғасын плитасы, оның көмегімен соққы күші артады. 
Свинчатка – бұл көшедегі немесе ауладағы төбелестерде қолданылған 
ежелгі суық қару. Патшалық және кеңестік Ресейде свинчаткаларлар, 
көбінесе жұдырығымен қысылған үлкен монеталарды қолданды. 
Свинчаткаларды жасау әдісі негізінен қолөнер болды және олардың 
әртүрлі формалары болды» [175]. Негізінен ауыл «№ 15 пошта жәшігі» 
деп аталатын тантал өндіретін құпия кенішінің жұмысшыларымен 
құрылды. Содан кейін онда бес мыңға дейін адам жұмыс істеді. 
Ауыл атауы кен өндірумен байланысты қалыптасқан. М1.: Ертедегі 
адамдардың тіршілік іздері сайрап жатыр. Көптеген ескілікті 
бұйымдардың, құрал-жабдықтардың қалдықтары табылды[76,17б.]. 
М.2: Мен семья жағдайыма байланысты үлкен оқуға бара алмадым. 
Совхоздың атынан Большенарымдағы Свинчаткада тракторшылар 
курсын бітіріп, тракторшы болып істедім[89
,120б.]. М.3: Қарт 
Алтайдың тарихи бір пұшпағы ретінде бұл өлке де сонау көне 
заманнан сақ, ғұн, түркі жұртына қасиетті қара қоныс, алтын бесік 
– атамекен болған. Археологиялық зерттеулер деректеріне қарағанда 
қазіргі Катонқарағай ауданының аумағын адамдар мұз дәуірінде, орта 


233
палеолит заманында мекендей бастаған. Осыдан 15-20 мың жылдай 
бұрын өмір сүрген ертедегі адамдардың еңбек құралдары табылған 
Свинчатка, Қанай, Усть-Нарым елді мекендері, Шыңғыстау таулары 
осы өңірде екенін еске сала кеткен жөн шығар[3,3б.].
 М.4: Мұнда Кесек 
деген үлкен сай бар. Осы сайда кезінде уран дайындаған. Ешқандай 
қауіпсіздік іс-шаралары сақталмаған. Уранды тиеп Ертіс арқылы 
Өскеменге жөнелткен. Осында рудник болуы себепті қойылған атау 
[129].
СЕВОСТЬЯНОВА – сай, Солоновка а.о. Антропотопоним. Өңірдегі 
жерге иелік еткен орыстың ауқатты адамының есімімен аталған сай. 
М: Қаратау бөктерінде орналасқан[123].
СЕДЛО – асу, Үлкеннарын а.о. Топонимдік қабаттың кірме 
қабатына жататын, орыс тілінен енген атау. «Седло, седловина жен.р. 
– пониженье, впадина, выгиб в хребте животного или в гребне горы 
и пр.» [30,1866бб.] деген мағына береді. М.: В 2015 году житель села 
Улкен Нарын Катон-Карагайского района Ерболат Касенов во время 
сбора строительного камня на перевале «Седло», что к востоку от 
райцентра, нашел необычно тяжелый, черного цвета камень, по 
плотности напаминающего кремень [12,53с.]
 СЕДӨЛКЕ – жайылым, Жамбыл а.о. Кірме атау. Орыс тілінен 
енген сөзді қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларына салу негізінде 
қалыптасқан атау. Қазақ тіліне аударғанда «ер» мағынасын береді. 
Яғни жердің сыртқы пішінін «ерге, ертоқымға» ұқсату негізінде 
жасалған[120].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет