231
қоршау. Саты (зат есім) және құрық (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы
қалыптасқан микротопоним. Мұндағы «Құрық» сөзі жылқы ұстау үшін
ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын сырық мағынасын береді. Түсіндірме
сөздікте құрық – жылқы ұстау үшін ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын
сырық деген мағынаны білдіреді деп жазылған [58, 428б.]. Құрық сөзінің
алғашқы мағынасы өзгеше болғандығы жөніндегі мәлімет ертедегі
түркі жазба ескерткіштері арқылы белгілі. Қазіргі «құрық» аталатын
құралдың басты бөлігі – ілмекпен жасаған арқан. Ерте кезде-ақ «уқруқ»
аталатын зат, сонымен жабдықталған құрал атауына көшіп, қазіргі
қолданылып жүрген «құрық» қалыптасқан. Кейде арқаннан жасалған
ілгекке де «уқруқ» сөзінің атау болып көшкенін маньчжур тіліндегі
«хурқа» (ілгек), монғол тіліндегі «һурақа» тұлғаларынан білеміз. Тағы
бір еске сала кететін жайт – ертедегі түркі тілдерінде «арқан» мағынасын
беретін «уқруқ» – қырғыз тілінде қазіргі кездегі құрық мағынасына
да қолданылып, сақталғандығын көреміз, «курук», «укрук» қалпында
жарыса айтыла береді деген пікірді Ә.Нұрмағамбетов береді [77,52б.].
М: Қанайдан кейін орналасқан[146].
САУЫСҚАНСАЙ - шабындық. Катонқарағай а.о. Сауысқан,
көбінесе, қайыңды жерге ұя салатын болғандықтан аталған.
М.: Қайың
көп өсетін жер Жаманбұлақпен ұштасады[99].
Достарыңызбен бөлісу: