242
қарсы алып, өзін бағынғандардың бірінші князі деп атап, оған жеке
жер үлесін берді. Шыңғыс патша Тайбұға князға үлкен құрметпен
қарады және Тайбұға Шыңғыс патшадан өзі тұрғысы келетін жер
сұрады. Шыңғыс патша «қайда тұрғың келсе, сонда тұр, – деп
жібереді. Тайбұға князь бүкіл өзінің керейт руымен Тұра өзеніне
кетіп, сол жерде Шымға қаласын көтерді, Түмен (Тюмень) қаласы
осы жерде» [4]; [136].
ТАЙҚОРА – қыстау, Жамбыл а.о. Тай (зат есім) және қора (зат есім)
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атау қалыптастырудағы негізгі
белгі сол жерде орналасқан «тай қамайтын қора» болып табылады.
Уақыт
өте келе, осы белгі жер атына айналған[120].
ТАЙҚҰБА – жайлау, Аққайнар а.о. Тай (зат есім) және құба (сын
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атаудың алғашқы
компоненті жылқы малының жас ерекшелігіне сай атауы болса, екінші
компоненті «сары ала» мағынасын беретін жылқы малына тән түс атауы
болып табылады. Қазақ халқы ежелден малдың соңында жүрген көшпелі
халық болғадықтан, олардың болмысы топонимдік атаулардан анық
байқалып тұрады. Мұндағы «Тайқұба» жер атауының түп негізінде
халқымыздың осы ерекшеліктері айқын байқалып, атау қалыптастыруға
ерекше белгі болып тұр [124].
Достарыңызбен бөлісу: