53
Ақбұлақтың [2,499б.].
М5.: Балқарағай іздеп Бітеу жотасының
осынша биігіне шығып кеткенін балалар күн батып кеткенде білді.
Аспан атып бұрқырап жататын Ақбұлақ өзені де тіпті төменде
қалыпты[14,5б.].
М6.: От сытыр-сытыр жанып жатыр, алаулаған
жалын тілі жігіттердің жүзінде ойнайды. Әріректен Ақбұлақтың бір
қалыпты сарыны сырылдап естіліп тұр[7,24б.]. М7.:
Басын мәңгі қар
басқан мұзарт шыңдарды арман етті. Шатқал табанында сылаңдай
аққан асау өзен Ақбұлақты көкседі [8,229 б.].
АҚБҰЛҚАҚ – үлкен өзен, Өрел а.о. Бұқтырмаға құяды.
Географиялық, саяси карталарда Белая Берель (Ақберел) болып
белгіленіп жүр. Басын Мұзтаудан алатын бұл тау өзені бұлқақтай,
жұлқына ағатын болғандықтан өзен осы негізгі басты ерекшелігіне
қатысты аталған.
М1.: Ақбұлқақ – бұлқына ағып, бұрқырай құйылған
өр Алтайдың асау өзенінің бірі. Қараайрық, Қарабұлқақ бас жағынан
қосылып, Жалғызтау, Кемпірқалған шыңдарынан құйылатын бірнеше
бұлақтар аяқ жағынан қосылып, Ақбұлқақ барған сайын молая береді.
Ол әсіресе Бұқтармаға қосылар жерде мүлде арнасынан аса өрекпи
құйылады. Ақ өркеш толқындары тастан-тасқа ұрып, аппақ, көкшіл
болып атой береді. Ақбұлқақ деген аттың өзі де осы сипатынан
қойылған өте көне аты [14,18б.].
М2.: Шілде келсе бұлқынады
Достарыңызбен бөлісу: