52
басындағы бір үңгірде түнеп қалған[9,1,213б.].
М4.: Шатқаяқтап
тайғанап жүріп, Ақбаян тауының алқымына шыққанда, күн де кемеріне
құлаған еді[10,144 б.].
АҚБЕТ – жайлау, Жамбыл а.о. Ағашы жоқ, ағарып көрінетін беткей
жерлерге қойылады [97];[120].
АҚБОТА КӨҢІ – қыстау, Белқарағай а.о. Антропотопоним[134].
М.:
Біздің Ақбота болысынан үш жүздей сиыр, тағы бірнеше жүз жылқы
жиналып, соны жеткізіп беруге мені жіберді [14,243б.].
АҚБҰЛАҚ – бұлақ, Өрел а.о. Бұлағы - шипалы, таза болғандықтан
«Ақбұлақ» делінген. Пилорамма деген орысша атауы[100].
М.: От
сытыр-сытыр жанып жатыр, алаулаған жалын тілі жігіттердің
жүзінде ойнайды. Әріректен Ақбұлақтың бір қалыпты сарыны
сырылдап естіліп тұр[7,24б.].
АҚБҰЛАҚ – ж. а., Катонқарағай а.о. Мұндағы «ақ» түсі «мөлдір»
мағынасында қолданылып, ағысы қатты мөлдір бұлақ дегенді білдірген.
М1.: Самар бұлағынан ары орналасқан. Сарымсақтының бойында.
Жайлауға барар жолда орналасқан[157].
М2.: Ақбұлақтың бойындағы
қақпанның біріне құндыз түсіпті[9,280б.].
АҚБҰЛАҚ – жайлау, Катонқарағай а.о. Сарымсақты өзенінің бір
тармағы Ақбұлақ деп аталса, жайлау сол бұлақ атауымен аталып кеткен.
М.: Сарымсақты өзенінің тармағы. Жайлауда [98]. М2.: -
Ақыр аяғы
сол ДТ-ға мінген күйі Ақшоқыдан Ақбұлаққа құладың: ...а-а-а-а! Сенің
сүйегіңді бір ай іздеп тапқан мен едім... айтып-айтпай не керек, бәрі
көрген түстей екен [18,79б.].
АҚБҰЛАҚ – жұрт, Аққайнар а.о. Жұрт, қоныс сол жердегі бұлақтың
атауымен «Ақбұлақ» аталып кеткен.
М.: Қаумыш көлінің бойында
орналасқан[152].
АҚБҰЛАҚ – өзен, Белқарағай а.о. Судың мөлдір, тазалығына
қатысты аталған. Қазақы танымда «Ақбұлақ» атауы бұлақтарға
жиі қойылатын болғандықтан да болар, ата-бабасының су ішкен,
қоныстанған жері ретінде киелі де қасиетті саналған.
М1.:Тас арасымен
шығады. 10 метр қашықтықта астыға құяды[134].
М2.: «Сартепсеңді
жайлап,
Ақбұлақ
Достарыңызбен бөлісу: