Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет246/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТОПОЛЕВКА – ж.а., Солдатова а.о. Антропотопоним. Орыс тілінен 
енген кірме атау. М.: Көптеген қыстаулар болған. Адамның атына 
байланысты қойылған атау[195].
ТОРАЛ – сай, Үлкеннарын а.о. Атаудың қалыптасуына «торалу», 
яғни күш жинау, семіру мағынасын беретін етістік негізінде қалыптасуы 
мүмкін. Яғни аталған сайдың ерекшелігі, бұл жерде басы шөпке тиген 
барлық мал тоқ болып, тез семіретіндіктен, ерекше белгі ретінде 
танылуынан қалыптасқан атау[143].
ТОС –шабындық. 20 ғасырдың жетпісінші жылдарында жоғары 
класс оқушыларының еңбек отряды құрыла бастаған кезде, ең алғашқы 
отряд мүшелерінің болған жеріне қойылған атау. (Трудовой отряд 
старшеклассников). [149].
 


265
ТОТЫЙ – ж.а., Берел а.о. Антропотопним[120].
ТӨЛЕБАЙ – қыстау, Алтынбел а.о. Антропотопним. М.: Төлебай 
атам атымен аталған[138].
ТӨЛЕБАЙ – тау, Алтынбел а.о. Антропотопним. М.: Төлебай атам 
атымен аталған тау[138].
ТӨЛЕГЕН БИ КӨҢІ – қыстау, Белқарағай а.о. Антропотопним. М.: 
Қаратай-шеруші-дәулет-шоңмұрын-сарғалдақ-кәлім-шеруші (жебетей-
кенже-шағыр-шақа-сатыпалды)-болат [164].
ТӨЛЕГЕНЖҰРТ – ж.а., Өрел а.о. Антропотопним [118].
ТӨЛЕҢГІТ – ж.а., Өрел а.о. Этнотопоним. Ру атауы негізінде 
қалыптасқан. М1.: Көктабадан кейін орналасқан[100]. М2.: Қалмақ 
атауы секілді, зерттеу керек [118].
ТӨМЕНГІ АРШАТЫ – ж.а., Өрел а.о. Атау төменгі және аршаты 
сөздерінің тіркесі арқылы жасалған күрделі атау. Көне түркіден 
бүгінге дейінгі барлық түркі тілдерінде жердің көлеміне, орналасу 
деңгейіне қарай бас, орта, төменгі немесе астыңғы, үстіңгі, ортаңғы 
деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Мұндағы «Аршаты» компоненті дербес 
тұрып та жер, су атын сипаттайды. Яғни арша сөзіне «-ты» топоним 
тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы қалыптасқан атау. Топоним 
құрамындағы «-ты» көне топоним жасаушы жұрнағының өзі атаудың 
тарихы өте көнеде жатқандығын дәлелдейді. Атаудың қалыптасуы 
Аршаты жерінің халық арасында бас, орта, төменгі деп үшке бөліп атау 
дәстүрі қалыптасқан, сол себепті де Төменгі Аршаты атауы қалыптасқан. 
М.: Жалпы бұл Оралбек қамай болғанымен, тегі төмендегі Аршаты 
жақтан болатын[8,276 б.].
ТӨМЕНГІ ЛАГЕРЬ – ж.а., Жамбыл а.о. Көне түркіден бүгінге 
дейінгі барлық түркі тілдерінде жердің көлеміне, орналасу деңгейіне 
қарай бас, орта, төменгі немесе астыңғы, үстіңгі, ортаңғы деп бөлу 
дәстүрі қалыптасқан. Атау екі компонентті, алайда екінші компонент 
«лагерь» сөзі кеңестік кезеңде енген кірме сөз болғандықтан, атауды 
салыстырмалы түрде ескі емес деп қарастырамыз[120].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет