281
пайымдауларға сәйкес салынған жерлеу-еске алу құрылыстарының
сәулет-жобалау ансамблінің үйлесімді жүйесін құрайды[83,203б.].
ҮЛКЕНДАЛА – ж,а., Катонқарағай а.о. Атау үлкен (сын есім)
және дала (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Үлкен
жердің кеңдігін, ауқымын, көлемін білдіретін сөз болса, дала «бетін
шөптесін өсімдік басқан, ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы
атауы, ормансыз аумақтар» [46,454 б.] деген мағынаны білдіреді. Олай
болса, «Үлкендала» атауы ауқымы кең ормансыз аумақтың атауы болып
табылады.
М1: Көкат сайынан кейінгі жер [132];
М:2. Кіші Даладан
кейінгі жер[132].
ҮЛКЕНДАЛА – қыстау. Катонқарағай а.о. Жайылымдық жері
аумақты болғандықтан аталған.
М.: Кезінде астық салған. Қой түлегін
алуға ыңғайлы тебіндік жайылымы ауқымды. жері үлкен[99].
ҮЛКЕНКӨЛ – көл, Өрел а.о. Атау үлкен (сын есім) және көл (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Үлкен» сөзі кез келген
нәрсенің көлемінің кеңдігін білдіретін сөз болып табылады, ал «көл»
сөз сонау көне түркі ескерткіштерінде де орын алатын гидронимдік
термин. Оның дәлелі, мәселен, «Қара көл», «Қазлұқ көл», «Тайган көл»,
«Тургийаргун көл» [185,173б.] гидронимдік атаулар Орхон-Енисей
жазба ескерткіштерінде орын алады. Олай болса, атауды көнетүркілік
негізді сөз деуге толық негіз бар
. М: Осы көлде балық көп аулайды[109].
Достарыңызбен бөлісу: