Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет263/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҮЛКЕНШҰҢҚЫР –жайылым жер. Шұңқырдың көлеміне қатысты, 
яғни аталған жердегі шұңқыр басқа шұңқырларға қарағанда үлкен 
болғандықтан қойылған атау[149].
 
ҮҢГІРТАС – тау, Жамбыл а.о. Үңгір (зат есім) және тас (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Үңгір
 – жер астында немесе 
таулы аймақтардағы тастар арасында табиғи түрде пайда болған, сондай-
ақ қолмен қазылып та істелетін түп жағы бітеу қуыс болса, тас сөзі 
«таудың қатты жынысы, соның үлкенді-кішілі бөлшектері, қабырғасы» 
[56,19б.] деген мағына береді. Яғни жердің физикалық-географиялық 
ерекшелігіне байланысты қалыптасқан атау болып табылады[120].
ҮРКЕР – ауыл, Үлкен Нарын а.о. Ойконим. Өзен аты негізінде 
қалыптасқан атау. М:1. Бұқтырма уезінің болыстығы[35,24б.]. М2.: 
Жаңадан құрылған Большенарым ауданының аумағында 1945 жылғы 
22 ауылдық кеңестің бірі. Бұқтырма уезінің болыстығы[35,25б.]; М: 
Хайрузовка ауылының қасында орналасқан[129].
ҮРКЕР – өзен, Үлкеннарын а.о. Үркер – торпақ шоқжұлдызындағы 
алып және жарық күйдегі галактикалық шашыранды үйіржұлдыз 


282
шоғыры [57,78б.] деген мағына береді. Атаудың қалыптасуы өзен түбінде 
үркер тәрізді жылтырап жататын алтындарға байланысты қойылуы 
мүмкін. М1: Үркер деген өзенді орыстар Лоточная деп атаған. Жер 
асты байлығын іздеп келген орыстар алтынды лотокқа салып жуған. 
Содан Үркер өзені Лоточная деп те аталып кеткен. Үркер екіге бөлінеді. 
Төмен Нарын қосылатын жерде Үркер деген ауыл болған. Бұл ауыл 
қазір жоқ. Су астында қалған. 1950 жылы Бұқтырма салынды. Содан 
климат өзгерді. Жаңбыр азайды. Егін шықпады. Миллионер совхоздар 
шығынға ұшырады. Көп ауылдар су астында қалды. Нұғыман ауылы, 
Жаңатал ауылдары су астында қалған[129]. М2: Шоқы басына үркер 
шоқжұлдызы сияқты топталып теректер өскен жерге берілген атау. 
Ұқсату жолымен берілген[166,176 б.].
ҮРКЕР – шоқы, Катонқарағай ауд., Үркер – торпақ шоқжұлдызындағы 
алып және жарық күйдегі галактикалық шашыранды үйіржұлдыз 
шоғыры [57,78б.] деген мағына береді. Жердің сыртқы сипатына 
байланысты қойылған атау. М.: Шоқы басына үркер шоқжұлдызы 
сияқты топталып теректер өскен жерге берілген атау. Ұқсату 
жолымен жасалған [15,188б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет