Катон-Верстка-01. indd


Үкек, Қалғұты. Төрт құлашың төрт жақты, Төрт түлік біткен мал  құты»[41,57б.]. М3.: Үкек



Pdf көрінісі
бет259/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Үкек, Қалғұты. Төрт құлашың төрт жақты, Төрт түлік біткен мал 
құты»[41,57б.]. М3.: Үкек тауының балқарағайына арадай ұялаған 
қалың тиін алғашқы қарда мергендердің шабуылына ұшырайды[14,35б.]. 
М4.: Үкөктің үстіртіне шыққан кезде, Тәңірдің бар екенін алдың 
еске[42,97б
.]М5.: Толыбай батыр бастаған бұл топ Үкектің арғы 
жағына өтіп мекендеген. Ол жер қазір Толыбай деп аталады[3,70б.]; 
[101].
ҮКІШАҚЫРҒАН – жол, Өрел а.о. Үкішақырған жерін басып өтетін 
болғандықтан, жол да жер атымен аталып кеткен. М: Екі ауылдың 
қатынайтын жолы. Жамбыл мен Өрелдің арасында мұз қатқанда 
қатынайтын жол. Ат-шанамен ғана қатынайды[108].
ҮКІШАҚЫРҒАН – тау, Өрел а.о. Атау үкі (зат есім) және шақырған 
(етістік) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тауда үкі құсының көптеп 
кездесіп, ерекше дауыс шығаруына байланысты қалыптасқан атау. М: 
Құс атауына байланысты қойылған атау[118].
ҮКІШАҚЫРҒАН– ж.а., Жамбыл а.о. Атау үкі (зат есім) және 
шақырған (етістік) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Жердің ереrше 
белгісіне орай қалыптасқан атау. Яғни өңірде үкі құсының көптеп 
кездесуіне байланысты берілген атау. «Үкі» сөзіне есімше тұлғасындағы 
«шақырған» етістігінің жалғануы арқылы жасалған. М: Ол жерде үкі 
болған. Оның ұясы болған [105].
ҮЛКЕН – ж.а., Катонқарағай а.о. «Үлкен» сын есім мағынасындағы 
сөзі трансформацияланып, зат есім, оның ішінде жалқы есім мағынасына 
өткен. Жердің сыртқы сипатына байланысты берілген атау[163]; [107].
ҮЛКЕНҚОҢҚАЙ – тау, Белқарағай а.о. Үлкен (сын есім) және 
Қоңқай сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған атау. «Қоңқай» тауы 
екіге бөлінеді: үлкен және кіші. Ол таудың көлеміне байланысты 


278
берілген атау. М1.: Жалпы тау жүйесінен бөлініп қалған, жеке тұрған 
таулар. ең үлкен көлдер[76,108 б.]; М2.: Ал мынау бір – Үлкен Қоңқай 
асуы арқылы жүрсеңдер, екі-үш сағатта іздеген шөптің үстінен 
түсесіңдер[20,148б.].
ҮЛКЕННАРЫН – аудан орталығы, Катонқарағай ауд. Үлкен (сын 
есім) және Нарын сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған атау. Көне 
түркіден бүгінге дейін жердің орналасу деңгейіне қарай үлкен-кіші, 
жоғарғы-төменгі деп бөлу дәстүрі бар. «Нарын» өңірдегі өзен атауы 
болып табылады. Көлемі жағынан кіші және үлкен болып келуіне 
байланысты осылай ажыратылған. Кейін елді мекен атауына ойысқан. 
Мұндағы «нарын» сөзі араб тілінен аударғанда «нәзік, жіңішке» деген 
мағына береді. М1.: 1935 жылы жекелеген аудандарды ірілендіру 
жұмысы жүргізілді. Сонда Катонқарағай және Зырян аудандарының 
құрамынан Үлкеннарын және Бұқтырма аудандары бөлініп 
шықты[3,33б.]. М2.: 1963 жылы 1 қаңтарда Катонқарағай Үлкеннарын 
ауданымен біріктіріліп, орталығы Үлкеннарын селосы болды. Бұдан 
кейін Қазақ ССР Жоғары Советі Президумының Жарлығына сәйкес 
бұрынғы шекарасы бойынша Катонқарағай ауданы қайта құрылып, 
орталығы Катонқарағай селосы болды[3,35б.]. М3.: «Үлкеннарын 
ауданы Катонқарағай мен Күршім аудандарының аралығында, Нарын 
өзенінің алқабын алып жатыр»[41,189б.]. М:4. Заутдин Шәмші – 
1947 жылы Үлкеннарын ауданындағы Нұғыман ауылында дүниеге 
келді. [2,331б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет