ХРУЩЕВА – ж.а., Солдатова а.о. Антропотопним. Орыс тілінен
енген кірме атау. М: Адамның атына байланысты қойылған атау[127].
ЦЕНТРАЛЬНЫЙ – қыстау, Новохайрузовка а.о.Орыс тілінен енген
кірме атау. Қазақ тіліне аударғанда «орталық» деген мағына береді[144].
ЧЕРНОВАЯ - өзен, Аққайнар а.о. Орыс тілінен енген кірме атау.
Қазақ тіліне аударғанда «қара» деген мағына береді.
М.: Ауыл ішінен ағып жатқан суы қара түсті өзенге берілген атау. «Қарасу немесе Қараөзен» мағыналарын береді [15,190б.].
ЧҮРТ/ШҮРТ СУ – өзен, Белқарағай а.о. Чүрт/шүрт сөздері туыстас
тува тілінде «жұрт» мағынасын беретін сөз ретінде қолданыс тапқан.
Чүрт суы / жұрт суы деген мағынаны білдірсе керек [78,550б.]. М:
Адамның атына байланысты қойылған[147].
ШАБАҚАН – ж.а., Өрел а.о. Антропотопоним. М: Көлшіктен кейін тұр[100].
ШАБАЛЫ – ж.а., Катонқарағай ауд. Антропотопоним. М.: Саудагер орамалмен ернін іліп сүртіп, аңшыға бұрылды: -Иә, солай... Мен анау Шабалыға бара жатыр. Саған жұмыс айтсам деймін [10,85б.].
ШАБАНБАЙ – ж.а., Аққайнар а.о. Антропотопним. М: Бұқтырма
өзенінің екінші жағы [124]. М1.: «Бұқтырма өзенінің созыла-созыла келіп Ертіске құятын арнасының екі жағы егіндік, құнарлы алқап та, Шыңғыстай өлкесі – Шыңғыстай болысы аталған. Бұқтырманың екі жағындағы Алтайдың әдемі сілемі Шабамбай аталады»[41,61б.].
М2.: «Тарбағатай, Шабанбай, Айырылдым елден баға алмай. Елге сусын Қаракөл, Аймалаушы едім анамдай»[41,57б.]. М3.: «1923 жылы Шабанбай жайлауының Тасшоқы аталар бұлағының бойындағы жайлау-жұртта дүниеге келіппіз»[41,364б.]. М4.: «Аттылыға өткел бермес Ақбұлақ аспаннан сарқырама болып жауғанда, төбеден түсетін Аққаба айран болып жөңкілгенде, Ақсу Шабанбайды қақ жарып Бұқтырмаға жер тесіп жеткенде Алтай аққа мелдектеп жатқандай көрінеді». [35,63б.]. М5.: Двести лет (начиная от 1667 года ) население этой волости пользовалось пастбищами на реке Бухтарме, в летнее время уходили в горы Чабанбай. [167,140с.]