282
шоғыры [57,78б.] деген мағына береді. Атаудың қалыптасуы өзен түбінде
үркер тәрізді жылтырап жататын алтындарға байланысты қойылуы
мүмкін.
М1: Үркер деген өзенді орыстар Лоточная деп атаған. Жер
асты байлығын іздеп келген орыстар алтынды лотокқа салып жуған.
Содан Үркер өзені Лоточная деп те аталып кеткен. Үркер екіге бөлінеді.
Төмен Нарын қосылатын жерде Үркер деген ауыл болған. Бұл ауыл
қазір жоқ. Су астында қалған. 1950 жылы Бұқтырма салынды. Содан
климат өзгерді. Жаңбыр азайды. Егін шықпады. Миллионер совхоздар
шығынға ұшырады. Көп ауылдар су астында қалды. Нұғыман ауылы,
Жаңатал ауылдары су астында қалған[129].
М2: Шоқы басына үркер
шоқжұлдызы сияқты топталып теректер өскен жерге берілген атау.
Ұқсату жолымен берілген[166,176 б.].
ҮРКЕР – шоқы, Катонқарағай ауд., Үркер – торпақ шоқжұлдызындағы
алып және жарық күйдегі галактикалық шашыранды үйіржұлдыз
шоғыры [57,78б.] деген мағына береді. Жердің сыртқы сипатына
байланысты қойылған атау.
М.: Шоқы басына үркер шоқжұлдызы
сияқты топталып теректер өскен жерге берілген атау. Ұқсату
жолымен жасалған [15,188б.].
Достарыңызбен бөлісу: