Катон-Верстка-01. indd


ЖАҚПАР – таудың қия бетінде, жар қабақтың қырры шығып,  тепкішек – тепкішек болып текшеленген қатпары.  ЖАЛ



Pdf көрінісі
бет299/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   305
ЖАҚПАР – таудың қия бетінде, жар қабақтың қырры шығып, 
тепкішек – тепкішек болып текшеленген қатпары. 
ЖАЛ – 1. Жылқы малының желкесінде өскен қалың қыл. 2. Біртұтас 
болып созылып жататын қырат–қырлардың, жон–жоталардың сілемі. 
ЖАР – табиғатта болып жататын әртүрлі сыртқы күштердің әсерінен 
дөңес, биік жерлердің, тау жоталарының бір жақ шеті опырылып 
түскеннен пайда болатын қырлы тік бет. 
ЖАРҚАБАҚ – дөңестеу жер бедерінің бір жақ шетінің опырылып 
түскен үстіңгі жиегіне жақын қыры. 
ЖАРТАС – үгілу процестеріне төзімді, қатты тау 
жыныстарынан құралған тау сілемінің жеке-дара тұрған биік тасы.
ЖОН – жазық бетінен білеулене көтеріліп, ұзыннан–ұзақ созыла 
түсіп жататын, үстіңгі жағы жадағай, дөңестеу жер бедері. 
ЖОТА – биіктігі түрліше деңгейде болып, бір–бірімен тіркесе, тізіле 
білеуленіп жататын дөңестеу қырат, қырқа секілді. 
ЖЫҚПЫЛ – жай қарағанда көзге анық байқала бермейтін қуыс – 
қуыс тасалы иіндері мол қаға беріс, қалтарысты жер бедері. 
ЖЫРЫМ – қаға беріс қалтарысы, бұралаң бұлтарысы, көзден таса 
қуыс – қуыс көп, жыра–жықпылды жер. 
ИЕК – тау жонының жайлап бәсендеп келіп, ақырындап көтеріле 
байстайтын жері. 
ИЕКАРТПА – биік жоталардың арғы бетіне өтуге не жақпар 
тастардың қырынан сол жақты көзбен шолуға оңтайлы бір ойыстау тұсы. 
КЕБІР – тұзы шығып жататын, өсімдік өспейтін сортаң жер, тақыр. 
КЕЗЕҢ – тау жоталарының аласарып келіп қосылған тұсында 
түйетайлыланып, ұзынынан түсіп жататын ойлауыт жер. 
КЕМЕР – терең сай сағасындағы су орып кеткен тік жар, шұғық – 
шұғық жыра, құлама қабақты жер. 
КЕНЕРЕ – 1. Тау беткейлерінің жазықпен тұтасқан жеріндегі етегі; 


329
2. Үй іргесінің (керегесінің, қабырғасының) жермен түйіскен тұсы; 3. 
Мата – бұлдың, кездеменің бітеуленген шет–жиегі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет