Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет33/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   305
АҚЫРҒЫ ПЕРЕВАЛ/Соңғы асу – асу, Өрел а.о. Аршаты ауылы 
Қазақстан шекарасындағы соңғы елді мекен болса, шекара шегіндегі 
соңғы асу деген мағынада тұр[100].
АЛАБИЕ – ж.а., Жамбыл а.о. Ала бие оқиғасына қатысты алынған 
атау [120].
АЛАТАЙ – ж.а., Өрел а.о. Бұл жерде жас малды, әсіресе, жылқы 
малын қыстататын болғандықтан «Алатай» аталуы мүмкін. М.1: 
Тарбағатайдың арғы жағында Кенсу деген жер бар, содан Қарғыбаның 
басы басталып ары қарай Марқакөлдің жерімен Қытайға кетеді. 
Бұрыңғы ауыл тұрғындары осы Алатай деген жерге жылқының 
жастарын қыстататын. 5 метр-ге дейін қалың қар жауатын[154]. 
М.2: Алатай қыстауындағы екі жүз жабағы тігерге тұяқ болмай 
қырылып қала ма деп шошынамын[23,11б.]. М.3: Бар болғаны – 
Бұқтырманың оң жағындағы Ақдала жазығында және Тарбағатайдағы 
Алатай аңғары, Төрқуыстың шығыс жағы[25,199б.].
АЛАТАЙ – жайлау, Өрел а.о. М.1: Алатай – атақты Алтай 
жайлауларының бірі, жалпы тау жүйесінен бөлініп қалған, жеке 
тұрған таулар. ең үлкен көлдер [76,109б.]. М.2: Ертедегі шоңмұрын 
жері[163]; [107].


60
АЛАТАЙ – сай, Өрел а.о. Сай Алатай жайлауында орналасқандықтан 
жайлау атауымен аталып кеткен.
АЛАТАЙ – тау, Өрел а.о. Атауды Ала+тау сөздерінің бірігуі арқылы 
жасалған деп жорамалдауға болады. Ала+таудан Ала+тай (Тау сөзінің 
тай формасындағы қолданысы Тува тіліндегі жер аттарында жиі 
қолданылады), кейін келе Ала+тай болуы ықтимал. М.: Биік тау деген 
мағынаны білдіреді. Тарбағатайдың артындағы тау[154]. 
АЛБАЙ – ауыл, Новохайрузовка а.о. Антропотопоним[144].
АЛҒАБАС – е.м. Катонқарағай а.о.Кеңес үкіметі кезіндегі алдыңғы 
қатардан көрін, ол үшін екпіндетіп еңбек ет мағынасындағы символдық 
мәнде қойылған атау[130]. М.1: «Алла жазса Алғабастағы ағайындарға 
жете жығылармын», -деген. Алғабасы осы ауылдан алты-ақ шақырым 
жер еді[168,76б.]. М2.:Заготзерноға астық тасыған өгіз керуен екен, 
көліктердің соңы сарқыла бергенде айғай-ұйғай жүздерден Алғабастың 
адамдарын шырамытты да, Зылиқа Кержорғаны жолдан шығарып 
шанадан түсті. Колхоз бастығы осында екен[168,90б.].
АЛҒАНЖАЛАҒАН – ж.а., Қатонқарағай а.о. Жер бетіне іркіліп 
шығып тұрған су ащы әрі бетінде қабыршықтанған тұзын мал 
жалағандықтан аталып кеткен. М.: су бетіне іркіп шығып тұрған, суы 
аз ғана. Мал тұзын жалаған. [148].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет