АҚШАРБАҚ – ж.а., Өрел а.о. Шарбақтың түсіне қатысты аталған
[154].
АҚШЕКЕ [ГОРА АКЧЕКА] – тау. Таудың үстіңгі жақтағы бір
бөлігі ақ тастардан тұрады, таудың аталу себебі осыған байланысты[68].
АҚШОҚЫ – қыстау, Жамбыл а.о. Қыстау «Ақшоқының» жанында
орналасқандықтан, шоқының атын иеленген[105]. М.: Ақшоқының етегінде жартастың желкесінде көптен бері состиып балқарағайдың бір молағы тұратын. Балқарағайды бел ортадан жасын осып түскенімен, өзегі аман екен[8,53б.].
АҚШОҚЫ – қыстау, Новохайрузовка а.о. Қыстау Ақшоқының жанында орналасқандықтан, шоқының атын иеленген[144].
АҚШОҚЫ – тау, Қатонқарағай а.о. Шоқы– тау жонының, сондай – ақ
ауқымды төбенің шошайып сүйірленген ең биік жері. «Ақ тасты шоқы»
мағынасын береді. Мұндағы шоқы «шағын тау» мәніндегі географиялық
59
термин Қазақстанда кең тараған[148]. М.1: Тәңірдің де тұрағы – жүрек пенен туған жер, Ақшоқының биігі өзіне тартар кіндік Төр. Аман тұршы, Алтайым, мәңгілік елдің биігі, Саған арнап жыр жаздым, ақ батаңды өзің бер![42,16б.]. М.2:Шыңдары Ақшоқының көз тартады, Ирек жол Марқакөлге апарады[42,216б.]. М.3: Міне, тағы да анау барған сайын сом бітімі тұмшалаған тұманнан аршылып, аршын төсін айқара ашып келе жатқан Ақшоқыға қарады. Ақшоқының түстігінен Қара шоқы қылтияды[18,10 б.]. М.4: – Атамды Ақшоқының басына өзім жаяу арқалап шығамын, - деді Қаршыға қабағын түкситіп[20,
272б.]. М.5: Ақшоқының биігін күн шалып, төңірек ағара бастапты. Тау алқымын бөктерлеп, тағы жарты сағаттай жүрді[10,75б.].
М.6: Ақшоқының үстіне шығып алып: «Уа, әйел заты! Сендер ерлер алдында мәңгі борыштысыңдар, ол борыштың өтеуі – тек қана, бір ғана адал махаббат!» - деп жар салғым келді [20, 254б.]. М.7: Қиын- қыстау мезеттерде көзін жұмса болды, көкше мұнардың арасынан ақ сеңгір арман тауы - Ақшоқы елес беріп, жүр-жүрмен азғырғандай тым алысқа «ауалап» шақыратын[21,16б.]. М.8: Түстік қанатында сыңсыған қара орман, қара орманның төрінде ұшар басы күмісше жалтырап Ақшоқы қасқаяды[8,6б.].