Катон-Верстка-01. indd


Талдыбұлақ, Майемер, Шапшыма, Сарымсақты, Қойтас т.с.с



Pdf көрінісі
бет4/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Талдыбұлақ, Майемер, Шапшыма, Сарымсақты, Қойтас т.с.с. 
Катонқарағай өңірінің ландшафт ерекшеліктерін анықтауда жер-
су атауларының түрлі сапалық белгілеріне байланысты қойылған 
географиялық атаулардың басымдылығы байқалады. Бұл осы өңір 
табиғатының әр алуандығымен, өзгешелігімен, тау-тасты, ну орманды 
болуымен тығыз байланысты болса, ата-бабаларымыздың нысандарды 
анықтаудағы қырағылығын да, дәлдігін де байқатады. 
Әр географиялық атауды қазақ этносының өмірінің тілдік көрінісі 
ретінде, сол өмірдің бір фрагменті ретінде бағамдаса болады. Мысал 
үшін, 
Тесіктас жартасы, Тарөткел асуы, Бөгенбай асуы, Ирек асуы, 
Балтабай жартасы, Балтабай асуы, Жазитөлген, Құзғынды сияқты 
жер атаулары қазақ елі үшін тарихи – саяси, тарихи-топономикалық 
маңыздылығымен ерекшеленеді.
 Осы атаулар жер-су атауларының 
тарихи-мәдени, саяси код екендігінің айғағы. Әр асу, әр өткелдің 
астарында үлкен мән жатыр: 
Арқат, Бұрқат, Марқат, Бақат т.б. Онда 
тарихи таңба бар. Халықтың идеологиялық өмірінен ақпарат беретін 
бұл тілдік таңбалар жер-су атауларымен бірге өмір сүріп келеді.


7
Қазақтық ұлттық танымның этномәдени, әлеуметтік сипатының 
тілдік көрінісі ретіндегі 
Шәңгіштай болысы (қазіргі Шыңғыстай), 
Дәулет көңі, Мәметек жайлауы, Шоңмұрын қыстағы, Әбдікәрім 
жайлауы, Төти шақысы сияқты таза ұлттық атауларды құрайтын 
микротопонимдер қазақ дүниетанымындағы антропонимдердің орнын 
анықтап беріп тұр. Бұл атауларда ақпараттық нысан, мағыналық сипат 
сақталған. Осы өңірдің жер-су атауларына қатысты антропонимдердің 
хронологиялық сипатын ашу қажет. Оған себеп, көптеген жер-су 
атауларының орыс тілдік қабаты. Мысалы, 
Гаврилич, Березовый, 
Иван, Макар, Матвеевка, Кириллова яма тәрізді топонимдер 
атауларының қалыптасу себебі жергілікті тұрғындар үшін белгісіз. 
Әрине, бұл топонимдердің пайда болуын Ресейден қоныстанушылардың 
көшіп келуімен байланыстырады. Бұл өңірде орысша атаумен сақталған 
ойконим, ороним, гидронимдер біршама. Ал енді орыс ағайындар 
қоныстанға дейін ол жерлердің атауы болған, болмағандығын анықтау 
қазіргі таңда қиындық тудыратынына көзіміз жетті. Жер-судың бұрынғы 
атаулары ұмытыла басталған, оны білетін қариялар саны да азайып 
келе жатқандығының куәсі болдық. Бұл әрине, жер-су атауларының 
қалыптасу тарихын зерттеудің қаншалықты өзекті екендігін растайтын, 
дәлелдейтін бірден-бір фактор. 
Ономастикалық экспедиция кезінде түзілген жоба сөздік 
тарихи, этимологиялық, тілдік, этнолингвистикалық тұрғыдан 
жан-жақты талданып, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи 
парк қызметкерлерінің қолындағы карталарда берілген атаулармен 
идентификациялауды қажет етеді. Себебі, ресми орындар тізбесіндегі 
карталарда жергілікті атаулар еленбей, ескерілмей, жер жағдайын, 
ел жағдайын біле бермейтін, тіпті білуге талаптанбаған, көбінесе, 
патша өкіметі кезіндегі патша өкіметінің мүддесін көздеген әскери 
адамдар қағазға түсірген жазбалар негізінде бір картадан екінші картаға 
әйтеуір көшіріле берген атаулардан арылып, өз мемлекетіміздің мүддесі 
негізінде өз картамызды жасап, тарихи жадты жаңғырта отырып, тарих 
көмбесін ашып, жәдігерлерді бүгінгі күнге табыстайық. Жалпы оны 
бүгіннен қолға алмасақ, тарихи, халықтық атауларды білетін адам ел 
ішінде қалмай да қалуы мүмкін. 
Топонимикалық атаулардың кейбіреулері белгілі алқапты мекен 
еткен халықтың өмір дерегінен хабардар етеді. Мысалы, аталмыш 
аудан жерінің ерекшелігіне орайлас қойылған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет