БАЙКЕРЕЙ – ж.а., Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Байкерей деген жұрт тұрған[100].
БАЙКӨБЕК – ауыл, Аққайнар а.о. Антропотопоним. М.: Мойнақтан желе-жортып түскен екі аттыны көргенде Байкөбек ауылы іргесін жел көтергендей үрпиісіп, ошақ басындағы қатын-қалаш, ойын баласына дейін тысқа өре шықты[170,22б.].
БАЙКІСІ СЫРТЫ – ж.а., Өрел а.о. Екі төбенің артқы жағы жазық,
сол жазықтың бір жағында отырған адам есімімен аталып кеткен жер
атауы [154].
БАЙНАУА – ж.а. 1-н: «Жері байдың – елі бай» дейді қазақ. Жер
құнарлы болса, тұрпаты науаға келетін болса; 2-н: кісі атына қойылуы
мүмкін[164].
БАЙПАҚ – ж.а., Өрел а.о. Бұл жерде жердің аты: 1-н: жер тұрпаты
байпаққа ұқсас болғандықтан; 2-н: кісі атына қатысты қойылуы мүмкін.
М.: Тасдіңгектен ары қарай орналасқан[100].
БАЙТЕЛЕС – асу, Жамбыл а.о. Антропотопоним. М.: Маралды мен Жамбылдың екі ортасында. Айылтартардың ар жағында [105].
БАЙТЕЛЕС - көл, Өрел а.о.Антропотопоним. М.: Бұрын көл болған. Қазір жұрнағы ғана қалған. Өрелге кіре беріс тұста [131].
БАЙТОРЫ –жайлау, Берел а.о. Антропотопоним[101].
БАЙУАҚ – сай, Алтынбел а.о. Этнотопоним. М.: Уақ тайпасының бір тармағына қатысты атау [151].
БАЙЫРМАН – ж.а., Катонқарағай а.о. Антропотопоним. М.: Терісбұлақ маңайында орналасқан. Сартақтайдан кейін орналасқан[98].
БАҚАБАЙ – табиғи қорым, Аққайнар а.о. Антропотопоним. М.: Текше тауының ар жағында орналасқан, тастар көп құлаған. Мүмкін кісінің аты [124]
БАҚАНАС – асу, Өрел а.о. Бұл жерде бірнеше аласалау, жуандау
бөртектер ішіндегі асу мағынасында және қысқа, келте, шағын бұлақтары
бар жер мағынасында тұр. М.: Өрелге жете берген тұста. Арғы бетіне шыққанда бөлек-бөлек жоталар. Қарабұта, мүк өскен[131].