87
БОРАНДЫ – ауыл, Катонқарағай ауд. Үнемі боран ұйытқып соғып
тұратын болғандықтан қойылған атау.
М.1. Байғұстарды аюдың іні
сияқты жардан қазған жертөлеге қамап ұстайды екен, азып-тозған,
адам кейпі жоқ туысқандарын арбаға отырғызып алып түнімен
жол шегеді де орта жолда Қызылжар пристанына соқпастан
теріс бұрылып, таң біліне Үлкен-Нарын ауданының Боранды дейтін
орыс селосына тоқтайды, тамақтандырып, әйелдердің үсті-басын
жаматтырып, балаларды қайта құндақтаттырып, тыныс береді.
Көп аялдамастан көлік ауыстырып тағы да жолға шығады [3,59б.].
БОСАҒАЖҰРТ – жайлау, Катонқарағай а.о. Босаға (зат есім) және
жұрт (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Мұндағы «жұрт»
сөзі мекен, жайлау, қыстау мағынасында қолданылған ал «босаға»
сөзі қазаққа тән төл сөзіміз болып табылады. Яғни бұл жерде қатар
қатар орналасқан жұрттардың ең төменде ораласқанына қазақ халқы,
«Босағада орналасқан жұрт – Босағажұрт» деп атап кеткен[120].
БОТАЙ – бұқпа, Жамбыл а.о. Кісі есіміне байланысты қойылған
атау.
М.: Ол да Шабанбайдың ішінде [105].
БОТАЙ – жұрт, Аққайнар а.о. Ботай деген кісінің елі, жұрты
мағынасын береді.
М.: Адамның атына байланысты қойылған атау
[152].
БОТАӨЛГЕН – ж. а., Катонқарағай а.о. Ботаның осы жерде мерт
болуына байланысты қойылған атау.
М.: Мойнақтан жоғары өрлегенде
орналасқан [98].
БОТАП САЙЫ – сай, Катонқарағай а.о. Қысы-жазы табиғаты
адамға қолайсыз болғандықтан қойылған атау болса керек.
М.1.
Осыдан көп жыл бұрын бұл Кәрім совхоздың бойдақ қойын бағып,
Ботап сайындағы зәйімкеде жападан-жалғыз тұрушы еді. Ботап
сайы қысында бораны мөңіреген, жазында желі азынаған өзі де бір
құдай атқан мекен болатын [8,82б.].
Достарыңызбен бөлісу: