БИДАН – жайылым, Жамбыл а.о. Антропотопоним. Адамның
лақап атына байланысты қалыптасуы мүмкін[120].
БИЕБАЙЛАР – жайлау, Берел а.о. Жазда бие сауатын жер
болғандықтан қойылған атау. Мұндағы «биебайлар» сөзі «бие байлады»
тіркесімен мағыналас. М.1. Бие байлады – қымыз ашыту үшін желіге құлын байлап, бие сауды [45,340 б.]; [101].
БЛИЖНИЙ НАРЫМ – тау, Солоновка а.о. Ауыл тұсына жақын
орналасуына байланысты аталған атау болса керек. «Ближний» деген
орыс тілі сөзімен жасалған. М.: Ғылыми атауы Нарынский хребет. Үлкен Нарын ауылындағы тұс. Щекадан бастау алады[123].
БОЗТАЛ – ж.а., Өрел а.о. Бозарып көрініп тұратын көп талдары
және талдың бір түрі болғандықтан осылай аталса керек. М.1. Жан торсыққа сусын құйып алып, Бозталдан шөп шап [19,336б.]
. М. 2. Әкеңнің атына міне сал да, сиырды болжа. Бозтал жақта екі-үш қара жайылып жүр екен [20,106б.]. М.3. Бозталдың кейкеңімен сыпыра аяңдап етекте жатқан тоғайдың үстіне қарап келе жатқанымда алдымдағы сайлаудан жылт етіп әуелі шошайған бөрік көрініп, артынша-ақ Тоқаның басы шықты [20,106б.]. М.4. Бозталдан шөбімді жеткізіп бер деп он рет барғанда, он күн аяғыңа бас ұрғанда төгіп- шашып әрең әкелмеп пе еді, ала көз ұлың, онда да ақысын былай алып, шөлмек-шөлмек арағымды ішкен, ол аздай трактормен сүзіп қораның қанатын құлатып кеткен [20,204б.]. М.: Мына зираттар тұрған жерді Бозтал деп атайды. Ертеректе көп тал болған дейді [108].
БОҚПАТАУ – жайлау, Аққайнар а.о. Көзге бірден түсіп көріне
қоймайтын жер болғандықтан осылай аталса керек. Мұндағы Боқпа / бұқпа болып дыбыстық өзгеріске түскен сөз – көзге түспейтін қалтарысты жер жасырынуға ыңғайлы орын, таса мағынасын береді [123,672 б.];[155].