112
«бір өзі жүз кісілік» батыр Нұрқас еді»[41,70б.].
М.3: «Жаңа үлгі» мен
«Мойылдының» арасы ел көшіп қонатын жер. Аңғарында Бұқтырма
жатыр [170,34 б.].
М.4: Тоғыз жолдың торабында орналасқан [148].
ЖАҢАТАЛ – ауыл, Үлкеннарын а.о. Жаңадан, жастай егілген
талдары көп ауыл болғандықтан қойылған атау. «Жаңа» және «тал»
сөздерінен біріккен атау.
М.1. Жаңа (сын есім) + тал – майысқақ
бұтақты, жіңішке жапырақты ағаш, бұта [55,645б.].
М.:Тарихи
атау, қазір бұл атау қолданыста жоқ [129].
ЖАҢАТАЛ – ж.а, Өрел а.о. Жаңадан, жастай отырғызылған
талдардың шоғырланып өскен жері болғандықтан осылай аталған.
М.: Жас талдардың шоғырланып өскенінен қалған атау [118].
ЖАҢАТАЛ – қыстау, Өрел а.о. Жаңадан отырғызылған жас талдары
бар жер болғандықтан қойылған атау. «Жаңа» сын есімі мен «тал»
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау.
М.1. Тал – майысқақ бұтақты,
жіңішке жапырақты ағаш, бұта [55,645б.].
М.:Бұқтырма өзенінің
бойында орналасқан қыстақтар [100].
Достарыңызбен бөлісу: