ЖАМБЫЛ – ауыл, Жамбыл а.о. Адам атына байланысты қойылған
атау. М.1: Бұқтырманың жағасында тұр, әне, Өзің туған Жамбыл деген ауылың [42,68 б.]. М.2: Дәм тартып, Бұқтырма өзенінің өргі ағысында орналасқан Жамбыл деген ауылға бардық [25, 70б.]. М.3: Аршаты, Берел, Жамбыл, Өрелімді Білмеймін енді қашан көрерімді [42,75б.]. М.: 4. Одна из лучших поварих участка «Пихтовка» колхозница колхоза «Джамбул» Зыряновского района Даира Мужукова [12,85с.].
М.5:Кісі атына байланысты қойылған атау [120].
ЖАМБЫЛ – жайлау, Жамбыл а.о. Кісі атына байланысты қойылған
атау. М.1. Жамбыл, Аршаты, Сартақтай, Тихой жайлаулары рухани сусынын бір қандырды [25,104б.]. М.: а. Шабындық жер [105].
ЖАМПЕЙІС БҰЛАҒЫ – бұлақ, Катонқарағай а.о. Бұлақтың
атауы кісі атымен байланысты қойылған. М.1.Бұлақ – басы қайнардан басталып сай-жыралармен ағатын кішігірім су [45, 679б.]. М.: Жампейіс – кісі аты [159].
ЖАНАҚАЙ – жайлау. Кісі атына байланысты қойылған атау. М.: Сарыкөлдің ұсақ жайлауларының бірі. Жанақай – бір қазақ жігітінің есімі болған [100].
ЖАНҒАЗЫ – ж.а., Жамбыл а.о. Кісі атына байланысты қойылған
атау. М.: Адамның аты [120].
ЖАНЫҚАЙ – жайлау, Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған
атау. М.:а. Кісі атына байланысты атау [118]. М.:ә. Жаңықай жұрты тұрғаннан кейін, жер атауы да Жаңықай аталып кеткен [119].
ЖАҢА ҚАЙЫҢ – ауыл, тарихи атау. Жаңадан, жастай отырғызылған
қайыңдары бар ауыл атауы. М.1. Қайың – ақ, қызыл қабықты, жүрекше жапырақты, бойлап өсетін ағаш [51,75б.]. М.2. «Жаңа Қайың», «Маемер», «Жаңа Үлгі» мен «Қабырға» – Дәрімбет аулы – бір бүйір, Ақ қала шыңның жанында» [41, 341б.].