Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет88/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Жалпақөткел деп аталатын бір айырығына жетелеп апарды, асықпай 
суарды, сонсоң жетелеп үйіне алып келіп асықпай ерттеді [24, 301 б.].
ЖАЛПАҚСАЗ – жайлау, Белқарағай а.о. Таулы-сазды жер 
болғандықтан осылай атаған. М.1. Саз – су араласып батпаққа айналған 
топырақ, лай мағынасында қолданылады [54, 534б.]. М.: Оның бір 
жағы саз, екінші жағы тау [134]. 
ЖАЛПАҚТАС – ж.а., Жамбыл а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты 
жалпақ, тасты жер болғандықтан қойылған атау. М.:Тасты жер 
мағынасын береді [120].
ЖАМАНАЙ – тау, Белқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау болса керек. М.: Бір күнде Аюлыдан шығып Жындысай, одан 
өтіп Жаманай арқылы Қотанағашқа жаяу түсіп жүрген Аскеңнің 
желаяқтығына таң қалды [171, 247 б.].
ЖАМАНБҰЛАҚ – бұлақ, Катонқарағай а.о. Бұлақ суының сапасына 
қатысты аталған, яғни суы аз, лайсаң болуы мүмкін. М.: Ауылдан жонға 
шығу жолы[99].
ЖАМАНБҰЛАҚ – қыстақ, Жанында ағып жатқан бұлақ атын 
иеленген. Катонқарағай а.о. М.: Ауылдан жонға шығатын жолда 
орналасқан [99].
ЖАМАНҒҰЛ – ж.а., Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау. М.:Қаражардан аса береді. Бұрынғы кезде қыстау болған[109]. 
М.: Бұрынғы кездің қыстағы болуы мүмкін. Қарадырдан аса бере [117].
ЖАМАНШАТ – шат, Өрел а.о. Таудың қойнауында терең сай 
болғандықтан осылай аталған. Екі сөздің бірігуі арқылы жасалған атау. 
Жаман (сын есім) + шат (зат есім ) – таудың қойнауындағы жықпыл-
жықпыл терең сай [57,282 б.]. М.2. Бұл жерді қазақтар Жаманшат 
деседі екен [5, 135б.]. 
ЖАМАТЫ - ж.а., Қатонқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау. Екіншіден, бұғы жануарына қатысты да атау болуы мүмкін. М.: 
Бұғы ұстаған адам болғандықтан қойылған атау [148].
ЖАМАТЫ – тау, Катонқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау. Екіншіден, бұғы жануарына қатысты да атау болуы мүмкін. М.: 
Қанайдан кейін тұр [146].
ЖАМАТЫ – шабындық, Катонқарағай а.о. Яматы монғол тілінде 
ешкі атауы. Қазақ тілінде, көп жағдайда, я дыбысының орнына ж 
дыбысы қолданылады да ешкілі тау, яғни Жаматы аталып кеткен. Тау 
ешкі малының өсіп-өнуіне қолайлы тау[126].


111


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет