Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет98/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ЗӘЙБІР – ж.а., Өрел а.о. Дым, сыз жер болғандықтан, жердің 
ерекшелігіне байланысты қойылған атау немесе кісі атына қатысты 
қойылуы мүмкін. 
ЗӘҢГІ – көл, Үлкеннарын а.о. Кісі есіміне байланысты қойылған 
атау. М: Сұлушоқының үстінде Зәңгі деген байдың малы су ішкен 
көл бар. Сол жерде мал суарғанда ғана малын түгендей алған екен. 
Сондықтан болар Зәңгі көлі аталып кеткен [153].
ЗӘҢГІНІҢ ЖҰРТЫ – ж.а., Үлкеннарын а.о. Зәңгі деген байдың 
жері М.1. Жұрт – ел-жұрт мағынасында қолданылады [48,570 б.]. 
М.:Зәңгі деген байдың жері осылай аталып кеткен. Сұлушоқының ар 
жақ бетін осылай атайды [153].
ЗЕРЕНДІ – көл, Катонқарағай ауд. Жергілікті тұрғындардың дерегі 
бойынша, Алтайдың оңтүстігінде кездесетін еліктің бір түрін зерен 
деп атайды, олар қарағайлы, таулы жерлерді мекендейді, киік тектес 
қоңыр аң, сол себепті Зеренді - «Зерен көп келетін көл» деген мағына 
береді.
 1. ЗЕРЕН2 з а т. з о о л. <лат. procapza gulturosa> Жұптұяқтылар 
отряды бұғы тұқымдасына жататын прокапра туысы. Зерен далалы, 
шөлейтті жерлерді, тау баурайларын мекендейді [92]; [49,138 б.]. Осы 
атауға қатысты тағы бір ғылыми нұсқаға тоқталсақ: осы атаудың 
этимологиясына қатысты Ә.А.Әбдірахманов мынадай деректерге 
сүйенеді: Жергілікті тұрғындар зерен – «бояу жасалатын шөп» деп 
түсіндіреді. М.Қашқари еңбегінде зерензе сөзіне «мақсары ұрығы да 
зерензеұрығы делінеді» деп түсіндірілгеняғни зерен – (шөп аты) + ді 
(сын есім тудыратын жұрнақ)[62].


119
ИВАН – тау, Ақсу а.о. Антропотопоним. Ескі атауы жергілікті халық 
жадында сақталмаған[93].
ИМАНБАЙ БҰЛАҒЫ – жайлау, бұлақ, Солдатова а.о. Кісі атына 
байланысты қойылған атау. М.: Горцехтан ары қарай, ауыл тұрғыны 
үлкен ақсақал Иманбай деген адам сол жерде қой баққан [128].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет